Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

The Ritz-Carlton, Astana Covid-19-бен күресетін дәрігерлерге алғыс ретінде терезелерінде жүрек түрінде жарық тұтады

The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйі бүкіл әлем бойынша қонақ үйлер өткізетін науқанды қолдады. Коронавирустық инфекциямен күресетін дәрігерлердің құрметіне қонақ үй терезелерінде жарық жүрек түрінде жағылады.

«Біз маңызды бастаманың бір бөлігіміз. Біз бүгінде алдыңғы шепте күрескендерді құрметтеп, алғыс білдіреміз!»- деп атап өтті The Ritz-Carlton Astana қонақ үйінің операциялық қызмет жөніндегі бас менеджерінің орынбасары Катя Сова.

Пандемия салдарынан бос қалған қонақ үйлер бүкіл әлем бойынша жарық жағып, дәрігерлерге шын жүректен алғыс білдіруде. Науқанға Ресей, АҚШ, Канада, Үндістан, БАӘ, Германия, Норвегия, Индонезия және басқа елдердегі қонақ үйлер қолдау көрсетті.

11 наурызда ДДҰ ресми түрде Covid-19-ды пандемия деп жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирусты әлем бойынша 1,5 миллионнан астам адам жұқтырды. 100 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Басқа жаңалықтар: