Компания туралы


Жеке компанияларға тікелей инвестиция құюға (private equity) маманданған Қазақстандағы аса ірі топтардың бірі.Қазақстан мен ТМД-ның басқа елдеріндегі компанияларда бақылау үлесін немесе миноритарлық үлестің едәуір көлемін сатып ала отырып, «Верный капитал» осы компаниялардың стратегиялық және операциялық басқаруына белсенді түрде қатысады. Топтың негізі 2006 жылы қаланған.


Біз не істейміз

«Верный Капитал» компанияларға қаржыландыру тартуға, оқшау тәуекелдерді басқаруға және корпоративтік басқару мен қаржылық есептілік саласындағы үздік әлемдік практикаларды енгізуге көмектеседі.

«Верный Капитал» компанияларды жаңа операциялық деңгейде дамыту, оларды жаңа нарықтарға шығару, құнын көтеріп, кейін сату мақсатын көздей отырып, негізінен біршама кемеліне жеткен компаниялардың капиталына енеді. Сонымен қатар, компания қоржынында «нөлден бастап» құрылған green field жобалар да бар.

Табыстылығының бес факторы  

Серіктестік

Әрбір жобада дерлік компания нақты бір секторда жұмыс тәжірибесі бар және кәсіби сараптама жасай алатын
серіктесті тартады.


Нарықты білуі және тәжірибесі

«Верный Капитал» өз назарын ең алдымен Қазақстан мен ТМД елдеріне, яғни компанияның өзі аса жақсы түсінетін нарықтарға шоғырландырады.


Қайталама нарықтағы сатып алулар

Сатып алынатын компанияларды басқаруға белсенді қатысу.


Үздік сараптама

Арада құрылатын серіктестік жобаның ең үздік тәжірибе мен жаңа технологияларға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.


Белсенді қатысу

Сатып алынатын компанияларды басқаруға белсенді қатысу.


Принциптеріміз 

Компаниялар тобы нақты секторда үздік сараптамаға, жұмыс тәжірибесісіне және ең соңғы технологияларға ие серіктестерді тарта отырып, синергия принципін ұстанады. «Верный Капитал» өзінің назарын Қазақстан мен ТМД елдерінің нарықтарына шоғырландырады. Топ, мемлекеттік сауда-саттықтарға және мемлекеттік меншікті сатудың басқа нысандарына қатыспай, жобалардыы тек жекеше иеленушілерден сатып алады.

Ерлан Оспанов, Бас директор


Біздің көздегеніміз 

Өзіміз басқарып отырған капиталды сақтап қалу және молайту.

Біздің миссиямыз 

Біз капиталды біріктіріп, кәсіпқой мамандарды тиімді топтарға тартамыз, жоғары табысты компанияларды құру үшін озық технологияларды енгіземіз, осылайша экономиканы дамытып, қоғамдық игілікті арттырамыз.


«Біздің командамыздың әр мүшесі өз ісінің кәсіпқой маманы болуға: жоғары талаптарға жауап беруге, өз жұмысын жоғары дәрежеде орындауға, өзара түсіністікке қол жеткізуге ұмтылады»

«Біз әрдайым даму үстіндеміз, жаңа тәжірибе, білім және міндеттер үшін ашықпыз»

«Біз құзыреттілік, тәжірибе, мәдениеттер синергиясын алу үшін кәсіпқойлар тобына бірігеміз»


Біздің миссиямыз


Инвестициялық стратегия

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
Инвестиция құю кезінде Қазақстан және ТМД елдеріне басымдық беріледі. Алайда «Верный Капитал» тобы одан тысқары жатқан аймақтардағы тартымды инвестициялық жобаларды қарастыруға әзір.


ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ
«Верный Капиталдың» жекелеген жобаларға салатын нысаналы инвестициясының көлемі 50 млн. АҚШ долларынан басталады.


САЛАЛАР
«Верный Капитал» тау-кен металлургия, мұнай-газ және телекоммуникация салаларында, сонымен қатар қаржы қызметі мен жылжымайтын мүлік салаларында айтарлықтай сараптамалық қызметі мен жұмыс тәжірибесіне ие. Осы ретте Топ экономиканың басқа салаларына да инвестициялар салу мүмкіндігін жоққа шығармайды.


ӨСУ ӘЛЕУЕТІ
Инвестициялық жобаларда Топқа бес жыл ішінде олардың құнын кемінде екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік бере алатындай өсу әлеуеті болуы тиіс.


КӘСІПҚОЙ МАМАНДАР ТОБЫ
Компания құрамында айтарлықтай тәжірибеге ие және алдыңғы уақыттарда жетістіктерге жете білген мықты басқару тобының болуы инвестициялық шешім қабылдаудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Осы ретте компания құнын көтеру мақсатында өз тәжірибесі мен корпоративтік басқарудың үздік тәсілдерін енгізе отырып, жобаны басқаруға белсенді түрде қатысуға дайын.


САЛАДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Верный Капитал өз саласында көшбасшы орынға шығуға мүмкіндігі бар және нақты бәсекеге қабілетті артықшылықтарға ие компанияларға инвестиция құюды көздейді.



Қаржы есептілігі