01 Янв 1970 Компания туралы - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

Компания туралы

Жеке компанияларға тікелей инвестиция құюға (private equity) маманданған Қазақстандағы аса ірі топтардың бірі.Қазақстан мен ТМД-ның басқа елдеріндегі компанияларда бақылау үлесін немесе миноритарлық үлестің едәуір көлемін сатып ала отырып, «Верный капитал» осы компаниялардың стратегиялық және операциялық басқаруына белсенді түрде қатысады. Топтың негізі 2006 жылы қаланған.

БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ?

«Верный Капитал» компанияларға қаржыландыру тартуға, оқшау тәуекелдерді басқаруға және корпоративтік басқару мен қаржылық есептілік саласындағы үздік әлемдік практикаларды енгізуге көмектеседі.

«Верный Капитал» компанияларды жаңа операциялық деңгейде дамыту, оларды жаңа нарықтарға шығару, құнын көтеріп, кейін сату мақсатын көздей отырып, негізінен біршама кемеліне жеткен компаниялардың капиталына енеді. Сонымен қатар, компания қоржынында «нөлден бастап» құрылған green field жобалар да бар.

«Верный Капитал» табыстылығының бес факторы

Серіктестік

Әрбір жобада дерлік компания нақты бір секторда жұмыс тәжірибесі бар және кәсіби сараптама жасай алатын
серіктесті тартады.

Үздік сараптама

Арада құрылатын серіктестік жобаның ең үздік тәжірибе мен жаңа технологияларға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Белсенді қатысу

Сатып алынатын компанияларды басқаруға белсенді қатысу.

Нарықты білуі және тәжірибесі

«Верный Капитал» өз назарын ең алдымен Қазақстан мен ТМД елдеріне, яғни компанияның өзі аса жақсы түсінетін нарықтарға шоғырландырады.

Қайталама нарықтағы сатып алулар

«Верный Капитал» мемлекеттік аукциондарға және мемлекеттң меншігін сатудың өзге де түрлеріне қатыспастан, жобаларды тек жеке меншік иелерінен сатып алады.

ПРИНЦИПТЕРІМІЗ

Компаниялар тобы нақты секторда үздік сараптамаға, жұмыс тәжірибесісіне және ең соңғы технологияларға ие серіктестерді тарта отырып, синергия принципін ұстанады. «Верный Капитал» өзінің назарын Қазақстан мен ТМД елдерінің нарықтарына шоғырландырады. Топ, мемлекеттік сауда-саттықтарға және мемлекеттік меншікті сатудың басқа нысандарына қатыспай, жобалардыы тек жекеше иеленушілерден сатып алады.