01 Янв 1970 Біздің топ - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

Біздің топ

«Верный Капитал» тобын екеуі серіктес басқарады, олардың компанияның негізін қалаушы болып табылады. «Верный Капиталдың» басқарушылар тобы инвестиция құю бойынша және түрлі салаларға қатысты айтарлықтай тәжірибесі, сондай-ақ, қоржынындағы компаниялармен бірлесе жұмыс жасау бойынша табысты тарихы бар

Басшылық

Ерлан Оспанов

Ерлан Оспанов

Бас директор, серіктес

Федор Попандопуло

Федор Попандопуло

Қаржы директоры, серіктес

«Верный Капитал» капитал тобын басқаруға жауапты.

«Верный Капитал» құрылғанға дейін ATF тобының қаржылық емес активтерін басқарған Қазақстандағы ATF Group холдинг компаниясының бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

Топтың қаржылық емес активтерге қатысты корпоративтік қаржысына және инвестициялық қызметін жүзеге асыруға жауапты болды.

Сондай-ақ, Ерлан Оспанов бірнеше жыл Халық банкте жұмыс істеп, банк операцияларының қазынашылық директор орынбасары қызметін атқарды.. Үш жыл бойы алтын трейдингіне, оның қайта өңделуін ұйымдастыруға және аффинажына, алтын өндіруші Балқаш тау-кен компаниясының қысқа мерзімді экспорталды қаржыландыруына жауапты болған.

Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің «Робот техникасы» факультетін, КИМЭП университетін қаржы және несие саласындағы дәрежемен, сонымен қатар Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетін іскерлік әкімшілілік саласындағы магистр дәрежесімен тәмамдаған.

Отбасылы, үш баланың әкесі.

Қазақстандық және халықаралық компанияларда 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар корпоративтік қаржы саласындағы маман.

«Верный Капитал» командасына 2007 жылдың наурызында қосылды. Топтағы және оның инвестициялық жобаларындағы қаржы бағытындағы жұмыстардың толық кезеңіне жетекшілік етеді. Федор Попандопуло ертеректе Eureka Mining PLC алтын өндіруші компаниясының Өңірлік қаржы директоры болып қызмет атқарған, онда компанияның есеп, салық салу және жобалық қаржыландыруға жауап беретін бөлімшесін басқарды. Попандопуло мырза Eureka Mining PLC IPO-сын ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан, сондай-ақ Celtic Resources Holdings PLC өңірлік қаржы директоры лауазымында болды. Бұған дейін бірнеше жыл Normandy Mining and GoldBelt Resources шетелдік компанияларының еншілес кәсіпорындарында жұмыс істеп, бас есепші және қаржы
директоры лауазымдарын атқарды.

Мәскеу ауылшаруашылық академиясын (университетін) экономика бойынша
дипломмен үздік тәмамдаған.

Отбасылы, қызы бар.