Сары-Арқа әуежайы
Басты бет – Қоржын
2008 жылы инвестициялық бағдарламада көзделген әуежайды күрделі қайта құру аяқталды. Атап айтқанда, ұшу-қону жолағын жөндеу және ұзарту, жолаушылар терминалын екі жаңа телескоптық траптармен кешенді реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру жүргізілді; заманауи жүк-терминал салынды және әуежайлық арнайы техника сатып алынды.
Әуежайдың жобалық қуаты жылына 2,5 млн. жолаушыны құрайды, ал әуежайдың ұшу-қону жолағы әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алады. Әуежай тәулік бойы жұмыс істейді, кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылауды қамтамасыз етеді. Авиажолаушылар үшін ыңғайлы күту залы, CIP-зал, бар мен мейрамхана, ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, сақтау камерасы қарастырылған. Борттық тамақтану цехы жұмыс істейді. АВК ұшып келу және ұшып кету залдарында, кеден қоймасының үй-жайында жолаушылар мен багажды сапалы тексеріп қарауды қамтамасыз ететін заманауи тексеру жабдығы (Ұлыбритания мен Германия өндірген) орнатылған. Әуежай ISAGO тіркелген провайдері болып табылады және жерүсті қызмет көрсету жұмыстарының қауіпсіздігі бойынша IATA стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта қарағандылық әуежай арқылы Қытайдан Еуропаға бағдарлар бойынша Air Bridge Cargo, Longtail Aviation, National Airlines, Aquiline, Ruby Star сияқты авиатасымалдаушылар халықаралық жүк рейстерін және техстоптарды жүзеге асырады.
Қарағанды әуежайынан Air Astana, FlyArystan, SCAT, Aeroflot, S7-Сибирь, Turkish Airlines, Qazaq Air, ZhezAir авиакомпаниялары Ресей, Қазақстан қалаларының ішінде, сондай-ақ Ресей, Түркия және Египетке жолаушылар рейстерін жүзеге асырады.

«Глобал Девелопмент» – Орталық Азиядағы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы ең ірі және ең танымал жылжымайтын мүлік иелерінің бірі.
Talan Towers кешені мұнараларының бірінде орналасқан The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі Қазақстан астанасындағы алғашқы люкс сыныпты қонақ үй.
Салтанатты қонақ үй сәулет өнеріндегі бірегей элементтер, авторлық тағамдар және керемет көріністер арқылы Мәскеудің сұлулығын бейнелейді.
2012 жылдың күзінде ашылған салтанатты бес жұлдызды қонақ үй Австрия астанасының бел ортасындағы XIX ғасырдың тарихи ғимараттарында орналасқан.
Барлық маусымды бес жұлдызды Rixos Borovoe резорт қонақ үйі Шортанды көлінің бойында, Бурабай теміржол вокзалынан 15 км және Астана қаласының халықаралық әуежайынан 287 км жерде орналасқан.

Burger King инвестициялық франчайзингілік жобасы Қазақстанда 2012 жылдың мамыр айында MEGA Alma-Ata ССО-да алғашқы Burger King мейрамханасы ашылғанда бастау алды.10 жылғы жұмысының барысында компания бүкіл Қазақстан бойынша 50 мейрамхана ашты. Бүгінгі таңға Burger King мейрамханалары меймандарын еліміздің 14 қаласында: Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Орал, Қызылорда, Петропавл, Шымкент, Тараз бен Өскеменде қарсы алады.
Қазақстандағы медиажарнама нарығының ірі операторларының бірі. Қазақстанда қызмет көрсетілетін арналардың жиынтық үлесі 12,5%-ды құрайды (Total Ind., 2021 KANTAR CA Kazakhstan).
Компания Қазақстанда 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. Ресейдегі медиажарнама нарығының ірі операторы болып табылатын Регион Медиа компаниялар тобының құрамына кіреді.
«Верный Капитал» VEON халықаралық телекоммуникациялық холдингінің құрамына кіретін «Скай Мобайл» ЖШҚ-ны басқаруға қатысады. Компания 1998 жылдан бері Қырғызстанда ұялы байланыс және интернет қызметтерін көрсетеді. 2009 жылдан бастап «Скай Мобайл» ЖШҚ Beeline брендімен жұмыс істейді және елдің жетекші ұялы операторы болып табылады.
Компания Қазақстанның телекоммуникациялық операторлары арасында клиенттер саны бойынша көшбасшы болып табылады. Ұялы және тұрақты телефония, халықаралық және қалааралық байланыс, деректерді беру, сымсыз технологиялар негізінде интернетке қол жеткізу, талшықты-оптикалық қол жеткізу, Wi-Fi, сондай-ақ үшінші және төртінші буын желілері қызметтерін ұсынады.

Liveinternet.ru деректері бойынша Қазақстанның ең ірі жаңалықтар сайттарының ҮЗДІК-3 құрамына кіретін мультимедиялық ақпараттық-талдау порталы.