Жүк авиатасымалдарының əлемдік нарығы: Қазақстанның өсу перспективалары жəне əлеуеті

Жүк авиатасымалдарының жиынтық əлемдік көлемі жүк жəне пошта тасымалдарынан тұрады, бұл ретте жүк авиатасымалдарының көлемі ЖІӨ деңгейіне, өнеркəсіптік өндіріс көлеміне жəне кірістіліктің орташа деңгейіне тығыз байланысты. Болжамдарға сəйкес, 2039 жылға дейін əлемдік экономиканың жəне тауарлардың халықаралық саудасының оң өсу серпіні аясында əуе жүк тасымалдарының əлемдік көлемінің өсімі жылына орта есеппен 4,0%-ды құрайды.

2020 жылдан бастап 2039 жылға дейінгі кезеңде Азияға байланысты авиатасымалдардың əлемдік жүк нарықтары Еуропа-Шығыс Азия бағыты бойынша өсім 4,4%-ды, Оңтүстік Азия-Еуропа - 4,3%-ды жəне Ресей мен Орталық Азия - 2,9%-ды құрайтын барлық басқа халықаралық нарықтармен салыстырғанда орташа жылдық өсім бойынша көшбасшы болады деп күтілуде.

Қазақстан Шығыс, Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс Азияның өндірістік қуаттары мен Еуропадағы өткізу нарықтары арасындағы сауда ағындарының қиылысында стратегиялық орналасқан.Қазақстан аумағы арқылы Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық тасымалдарды қамтамасыз ететін негізгі көлік артериясы - Орталық Еуразиялық дəліз өтеді, бұл елдің халықаралық логистикалық тізбекке интеграциялануына оң əсер етеді. 2020 жылы Қазақстанның əуе жүк тасымалдарының көлемі 23,5 млн тонна-километрді құрады. 2010 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде елдегі əуе жүк тасымалдарының көлемі жоғары болды жəне жылына орта есеппен 47,57 млн тонна-километрді құрады.

Есепті жүктеу

File
Global Air Cargo Mkt_QAZ
PDF, 1.6 МБ
Поделиться
Класснуть