Парсы шығанағы мен Азия елдерінің нарықтары туралы өзекті ақпарат

Парсы шығанағының қор нарықтары белсенділігінің өсуі байқалады, күшті экономикалық деректер Сауд Арабиясы компаниялары акцияларының 2%-ға өсуіне ықпал етеді. Сауд Арабиясының ЖІӨ 2021 жылғы IV тоқсанда 6,7%-ға өсті, сонымен бірге 2021 жылғы ЖІӨ өсімі 3,2%-ды құрады, бұл ресми күтулерге сəйкес келді. TASI индексі 2%-ға өсті, Saudi Aramco мұнай алыбы 5,5%-ға қымбаттады. Аймақтың басқа елдеріне келетін болсақ, Дубай биржасының DFMG индексі 2%-ға, Абу-Даби биржасының ADSM индексі 1,2%-ға, ал Катардың QE индексі 0,3%-ға өсті. Бахрейн мен Оманды қоспағанда, мұнайдың шығынсыз бағасы жоғары, ал бюджет мұнай бағасының өзгеруіне күрт əсер етеді. 

Сауд Арабиясы, БАƏ, Кувейт жəне Бахрейннің орталық банктері пайыздық мөлшерлемелердің тепе-теңдігін сақтау мақсатында АҚШ Федералды резервтік жүйесінің осындай шешім қабылдауымен бір уақытта олардың негізгі пайыздық мөлшерлемелерін 25 б.п. арттырды, өйткені бұл елдердің валюталары АҚШ долларына байланған. Пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен Парсы шығанағы елдерінде қарыз алу құны өседі, бұл ретте мұнай бағасы бір баррель үшін 97 АҚШ долларынан жоғары болса, 2022 жылы Парсы шығанағының барлық елдерінде бюджет профициті байқалады деп күтілуде, бұл бюджет шығыстары үшін қарыз қаражатын тарту қажеттілігін азайтады. 

АҚШ-тың ақша-несие саясатын қатайтудан бастап Украинадағы соғысқа дейін жəне Қытайдағы өсу қарқынының баяулауына дейінгі ықтимал қауіптер аз болып көрінген кезде 17 наурызда Жапония мен Гонконг Азия елдерінің акциялар индексінің өсуін, сонымен қатар Уолл-стритте осы уақытта байқалған түнгі жандануды басқарды. ХВҚ-ның 15 наурыздағы есебіне сəйкес Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың жанама əсерлері Азия-Тынық мұхиты аймағының елдері үшін мемлекеттер арасында тығыз экономикалық байланыстардың болмауына байланысты шектелуі мүмкін, бірақ Еуропа мен жаһандық экономика өсуінің баяулауы негізгі экспорттаушыларға қатты əсер етуі мүмкін. 

Есепті жүктеу

File
GCC Asia Markets Updates_QAZ
PDF, 1.1 МБ
Поделиться
Класснуть