Əлемдік мыс нарығы: "Ұзақ мерзімді ойыншы"

Мыс - металдың пайдалану сипаттамаларын жоғалтпай бірнеше рет қайта өңдеуге болатын бірнеше шикізат түрлерінің бірі. Өңдеудің озық техникасының, инновациялардың жəне кен орындарын геологиялық барлаудың арқасында мыс ұзақ мерзімді перспективада металдың қолжетімді түрі болып қала береді. 1900 жылдан бастап əлемдік мыс өндірісі жыл сайын 3,2%-ға өсіп, 2020 жылы 20,6 млн. тоннаға жетті. 2020 жылы Чили үлесіне əлемдік мыс өндірісінің үштен бір бөлігі тиесілі болды, одан əрі тізім бойынша Перу - 10%, Қытай - 8,3%, Конго - 6,3%жəне АҚШ - 5,8% келеді. Қазақстан мыс өндіру бойынша əлемде 10-орында. 

2022 жылы əлемдік мыс нарығында мысқа деген əлемдік сұраныстың жəне ESGRAF бағдарламасының қалпына келуі аясында 82 000 тонна (немесе əлемдік мыс тұтынудың 1%-ынан аз) орташа тапшылық байқалады деп күтілуде. 

ХВҚ болжағандай, (i) энергияға көшу үшін аса маңызды металдардың жаһандық сұранысы/тұтынуы ұзақ мерзімді перспективада 2030 жылдарға дейін өседі (мыс - 2 есе); (ii) металдарға жаһандық сұраныс энергия тасымалдаушылардан жаңартылатын энергия көздеріне көшу үшін ірі бастапқы инвестициялардың қажеттілігіне байланысты 2030 жылға дейінгі кезеңде қарқынды өсетін болады, бұл, өз кезегінде, 2030 жылдарға дейін металдарға жоғары сұранысты болжайды. 

Есепті жүктеу

File
Global copper market_QAZ
PDF, 1.3 МБ
Поделиться
Класснуть