Инфляция, ақша-кредит саясаты жəне Қазақстанның валюта нарықтары

Қазақстанда инфляция қарқыны инфляцияның барлық компоненттеріне бағаның өсуіне байланысты (азық-түлік инфляциясының елеулі əсері аясында) ағымдағы жылғы қаңтардағы 8,5%-дан ақпан айында 8,7%-ға дейін өсті. Азық-түлік өнімдерінің бағасы ақпан айында 10%-ға өсті (қаңтар: 9,9%), ал азық-түлік емес тауарлардың инфляциясы 8,6%-ға дейін өсті (қаңтар: 8,5%). Ақылы қызметтерақпанайында 7,1%-ғақымбаттады (қаңтар: 6,8%), ал тұрғын үйді жалдау құны 20,7%-ға өсті. Жанар-жағармай нарығында бензин мен дизель отынының бағасын уақытша реттеу жағдайында дезинфляцияға бейімділік байқалады. Алайда ЖЖМ бағасының өсуі жылдық мəнде жоғары болып қалуда - 22,1. 

Қазақстандағы базалық мөлшерлеме 13,5% деңгейінде тұр, бұл ағымдағы геосаяси тəуекелдерді жəне ішкі инфляция қарқынының жеделдету тəуекелін көрсетеді. Бұл ретте, Ұлттық банк сыртқы жəне ішкі макроэкономикалық орта одан əрі нашарлаған жағдайда монетарлық жағдайларды одан əрі қатайту мүмкіндігі қалады деп қосады. Осыған байланысты Қазақстан экономикасының өсу траекториясы əлемдегі геосаяси жағдайға байланысты алдыңғы болжамдардан төмен болады деп күтілуде. Алайда, өсу қарқыны шикізаттың жоғары бағасымен, бюджет шығындарының ықтимал өсуімен жəне пандемия жағдайының жақсаруымен қамтамасыз етіледі. 

ТМД елдеріндегі инфляция кейінге қалдырылған сұраныс, энергия көздеріне, шикізат пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне əлемдік бағаның өсуі, жеткізу тізбегінің бұзылуы аясында өсті. Кейбір елдерде инфляциялық қысым еңбек нарықтарындағы шиеленісті жағдайға байланысты да күшейе түсті.

Есепті жүктеу

File
Kazakhstan inflation monetary policy currency markets 15.03.2022_QAZ
PDF, 757 КБ
Поделиться
Класснуть