Сауд Арабиясының экономикалық серпіні және бірлескен инвестициялау мүмкіндіктері

2021 жылы Сауд Арабиясының экономикасы мұнайдың жоғары бағасы мен мұнайға қатысы жоқ қызметтің арқасында күтілетін қарқыннан тезірек қалпына келді.

Ел халқының 68%-на жеткен вакциналау процесімен халықты кеңінен қамту аясында 2022 жылдың қаңтарынан бастап жаңа жұқтыру оқиғаларының саны төмендеді. 2022 жылғы I тоқсанда Сауд Арабиясының ЖІӨ көрсеткіштері 2011 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда ең жылдам өсімді көрсетіп, мұнай (+20,3%) секторында жəне мұнай өндірумен байланысты емес секторда (+3,7%) жоғары белсенділік аясында бұрын айтылған бағадан 9,6%-ға жоғары болып, 9,9%-ға өсті.

Болжамдарға сəйкес, 2022 жылы Сауд Арабиясының ЖІӨ 7%-7,6%-ға дейін өседі, содан кейін өсу траекториясы 2023 жəне 2024 жылдары сəйкесінше 3,8% жəне 3,0% деңгейіне жетеді.

2022 жылы бюджет балансы мұнай сатудан түсетін түсімдердің өсуі аясында тоғыз жылда алғаш рет ЖІӨ-нің 9,1%-ы мөлшерінде профицитті құрайды деп күтілуде. Салық-бюджет көрсеткіштері орта мерзімді перспективада биліктің шығыстарды қысқартуға жəне сенімді бюджет пакеттерін қалыптастыруға ұмтылысы аясында күшейтіледі. Күрделі шығыстардың көп бөлігі Мемлекеттік инвестициялық қор жəне басқа да мемлекеттік мекемелер арқылы бөлінетіндіктен, елдің жалпы салық-бюджет позициясы өсуді ынталандыруға бағытталған.

Есепті жүктеу

File
Saudi Economic Dynamics Kazakhstan Co-Investment Opportunities 28.07.2022 КАЗ
PDF, 858 КБ
Поделиться
Класснуть