Әлем нарықтары бойынша өзекті ақпарат

АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 5 апталық максимумға жетті, ал 20 жəне 30 жылдық облигациялардың кірістілігі сəйкесінше 6 жəне 8 апталық максимумға жетті. 10 жəне 30 жылдық облигациялардың кірістілігі 3 тамызда сəйкесінше 3,0628% жəне 3,2712%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, 2 жылдық облигациялардың кірістілігі 3,7 б.т. 3,2997%-ға дейін өсті.

АҚШ долларының индексі 2021 жылғы мамырдағы серпіннің жоғарылауынан бері тағы 22%-ға өсті жəне бүгінгі күні 109-ды құрайды. Техникалық талдау көрсеткендей, АҚШ долларының индексі ағымдағы өсу қарқынына қарай тағы 10%-ға 120-ға дейін өсуі мүмкін.

22 тамызда Еуропадағы табиғи газдың бағасы алдыңғы 245 еуро/МВтс жабылуымен салыстырғанда 272 еуро/МВтс деңгейіне жетті. Сонымен бірге, Ұлыбританиядағы газ жедел жеткізіліммен 125 пенстен 490 пенске дейін қымбаттады, ал бір күндік келісімшарт 123 пенстен 484 пенске дейін өсті. Еуро 0,15%-ға 0,9926 АҚШ долларына дейін төмендеп, сейсенбі күнгі күндізгі сауда-саттықта 0,99005 АҚШ долларына дейін 20 жылдық минимумға жетті. Шілдедегі $0.9952 деңгейінен төмен түсу одан əрі төмендеудің белгісі ретінде қабылданды.

Қытай экономикалық өсуді қалпына келтіру бойынша күш-жігер аясында нарық күтулеріне сəйкес кредиттер бойынша базалық мөлшерлемелерді төмендетті.

ОПЕК бағаны көтеру үшін мұнай өндіруді азайтуға дайын екенін айтқаннан кейін əлемдік мұнай бағасы өз позициясын жоғалтты, доллардың нығаюы қолма-қол алтынға қысым көрсетті.

Есепті жүктеу

File
Global Markets Updates 24.08.2022 КАЗ
PDF, 1.2 МБ
Поделиться
Класснуть