Мұнайдың жаһандық нарығы бойынша өзекті ақпарат

АҚШ мамырдан бастап келесі алты ай ішінде нарыққа АҚШ стратегиялық мұнай резервінен тәулігіне 1 млн баррель мұнай жіберетінін жариялағаннан кейін, әлемдік мұнай бағасы наурыздың соңғы аптасында 13%-ға төмендеді. Бұл ХЭА-ның басқа мүшелері жіберетін 30-50 млн баррель мұнайға қосымша.

АҚШ-тың мұнай резервін босату біршама тегістейді деп күтілуде, бірақ әлемдегі мұнай жеткізу көлеміндегі шикізаттың ықтимал тапшылығын төмендетпейді. Атап айтқанда, мұнайға сұраныстың ұлғаюы 2022 жылы 100,90 млн б/т дейін 4,2 млн б/т (немесе +4,3% ж/ж) деңгейінде болжанады, бұл ретте ЭЫДҰ елдерінде сұраныстың ұлғаюы 1,9 млн б/т деңгейінде және ұйымға кірмейтін мемлекеттерде тұтыну 2,3% млн б/т дейін өседі деп болжанады.

2022 жылы мұнайға сұраныстың өсу драйверлері: (i) ЭЫДҰ құрамына кіретін Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа және Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің көлік, өнеркәсіп және сауда секторларында мұнай мен мұнай өнімдерін белсенді қолдану (ii) Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы, Оңтүстік Кореядағы және басқа да елдердегі мұнай-химия өнеркәсібі тарапынан сұраныс, (Iii) газ нарықтарындағы бәсекелестік Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағының кейбір елдерінде отынның басқа түрлеріне ауысуға ықпал етеді.

Есепті жүктеу

File
Мұнайдың жаһандық нарығы бойынша өзекті ақпарат
PDF, 630 КБ
Поделиться
Класснуть