Environmental, Social, Governance

«Верный Капитал» БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы мақсаттарын қолдайды, олар қоршаған ортаны қорғау, теңсіздікті жою және бүкіл әлем бойынша адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-әрекетке жаһандық шақыру ретінде қызмет етеді. Біз өз қызметімізде кейінгі ұрпақ үшін орнықты болашақ құру үшін осы мақсаттардың негізінде жатқан қағидаттарды басшылыққа алуға тырысамыз.

«Тұрақты даму - Верный капиталдың тиімділігі мен табыстылығының негізі»

Өзіміздің ұзақ мерзімді даму стратегиямызда біз корпоративтік басқарудың аса жоғары стандарттарына қол жеткізуге ұмтыламыз және экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікке ерекше назар аударамыз. Біз үшін инвестициялар – капиталды сақтап, көбейтудің тәсілі ғана емес, сонымен қатар оң әлеуметтік әсер әкелу мүмкіндігі. Біз бизнес жүргізу жөніндегі өз пайымымызды портфельдік компанияларға көрсетеміз және бірге ортақ мақсат – болашақ ұрпақтың игілігі үшін тұрақты дамуға бет бұрамыз.

Ерлан Оспанов, Верный капитал CEO

Біздің тұрақты даму саласындағы стратегиялық мақсаттарымыз бен жетістіктеріміз:

Қоғам

Біз өзара іс-қимыл және қатыстылық мәдениетін қалыптастыру үшін өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдастықтардың дамуына инвестиция саламыз.

Сапалы білім беру;
Лайықты жұмыс және экономикалық өсу;
Тұрақты қалалар мен елді мекендер;
Жақсы денсаулық және әл-ауқат;
Теңсіздікті азайту.

Экология

Біз табиғи ресурстарға ұқыпты қарайтын, өндірістің ұқыпты әдістерін қолданатын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтайтын жобаларға инвестиция саламыз.

Жауапты тұтыну және өндіріс.

Корпоративтік жауапкершілік

Біз өз қызметімізде әдептілік, теңдік және адам құқықтарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қатаң ұстанамыз.

Гендерлік теңдік;
Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік.

Білімге әлеуметтік маңызды инвестициялар

Нархоз университеті – болашақ экономистер мен қаржыгерлерді, аудиторлар мен бухгалтерлерді, маркетологтар мен заңгерлерді, сондай-ақ мемлекеттік басқару, цифрлық технологиялар, қонақ үй бизнесі және туризм саласындағы мамандарды даярлайтын жеке меншік оқу орны. Университет Алматы қаласында орналасқан және білім беруді бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.
Haileybury Almaty – бұл Алматы қаласындағы британдық білім берудің үздік дәстүрлеріне негізделген жекеменшік британдық мектеп. Жоғары мектеп оқушылары ілгері деңгей (A-Level) бағдарламасы бойынша білім алады. Бұл бағдарлама түлектерге әлемнің үздік университеттеріне түсуге мүмкіндік береді.

Haileybury Almaty мектебінің осы жылғы түлектері әлемнің ең үздік университеттеріне қабылданды.

Біздің компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің басты бағыты Қазақстан Республикасында сапалы білім беру базасын құру және қазақстандық жастардың көптеген талантты өкілдерінің халықаралық стандарттарға сәйкес білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды дамыту болып табылады. 2016 жылдан бастап стипендиялар жүйесі енгізілді, бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және кәсіби кадрларды даярлауға маңызды үлес болып табылады.

Портфельдік компаниялар қазақстандық жастардың сапалы білім алуы үшін тең және әділ мүмкіндіктер жасау жөніндегі біздің бастамаларымызды қолдайды.

Мәселен, соңғы 5 жыл ішінде Beeline Kazakhstan компаниясы Enactus студенттік цифрлық стартаптарына гранттар бөледі және EMBRAS 2020 халықаралық байқауында жеңіске жеткен «Жылы жүрек» ішкі волонтерлік корпоративтік бағдарламасын белсенді түрде ілгерілетеді. Карантин кезеңінде Beeline Kazakhstan компаниясы 600-ден астам білім беру және мемлекеттік ресурстарға тегін қол жетімділікті ашты, «Cыныптық» арнайы тарифі мұғалімдерге жеңілдік бағалары бойынша байланыс қызметтерін пайдалануға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, компания жеке мектептерді, университеттерді, институттар мен оқыту орталықтарын MS Office 365 және 1 ТБ бұлтты кеңістік бағдарламалық пакетімен қамтамасыз етті.

Beeline Қырғызстан цифрлық білім беру бағытын белсенді түрде ілгерілетуде, оның шеңберінде мектеп түлектері, студенттер мен жас адамдар үшін IT және бағдарламалау бойынша тегін оқыту жобалары іске асырылуда, олар әзірлеу және дизайн саласында сапалы, инновациялық білім ала алады.

RG Gold жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік-экономикалық дамуды жандандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді. Компания жыл сайын Бурабай ауданы мектептерінің көрнекті түлектеріне стипендиялар беруді және Успеноюрьевка және Николаевка ауылдарының мектептеріндегі жөндеу жұмыстарын қоса алғанда, жергілікті қоғамдастықты қолдауға 100 млн теңгеден астам қаражат бөледі.

ForteBank және Narxoz университеті жыл сайын Narxoz Challenge емтихандары арқылы талантты студенттерге білім беру гранттарын бөледі.

2020 жылы Burger King Kazakhstan компаниясы Алматы қаласындағы SOS Балалар ауылында тұратын балаларға арналған «Just Speak It» тіл мектебінде ағылшын тілін оқыту бағдарламасын іске қосты. Бүгінгі таңда оқушылар тілді оқытудың базалық курстарын (I Beginner, II Elementary) аяқтап, III деңгейге – Pre-Intermediate деңгейіне өтті.

Біз Верный капитал компаниясының орнықты дамуы прогреске ықпал ете алады, лайықты жұмыс орындарын құрып, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарта алады деп сенеміз. Біз өз қызметімізде тұрақты даму мақсаттары шеңберінде БҰҰ-ның жаһандық міндеттеріне, сондай-ақ инновациялық қызметке, техникалық жаңғыртуға, шығармашылық пен кәсіпкерлікке ықпал ететін кадр саясатын дамытуға бағдарланамыз.

Beeline Қазақстан жастардың цифрлық кәсіпкерлігін қолдайды, ал жаңа технологиялар мен өнімдердің көмегімен балалар мен ересектердің, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың білімін жақсартады. 2014 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 20 әлеуметтік ұйым «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясында Beeline тегін лимитсіз жүрдек интернетін пайдаланады. 2006 жылдан бастап компания «StepPro» (2014 жылдан бастап – «Digital Generation») бағдарламасын жүзеге асыруда, ол Beeline Kazakhstan компаниясының түрлі бөлімшелеріне жоғары курс студенттері мен ЖОО түлектерін арнайы тағылымдамаға тартуға бағытталған.

ForteBank өз қызметтеріне қол жеткізуін кеңейтеді және 2022 жылдың басында орын алған геосаяси дағдарысқа қарамастан жеке және заңды тұлғаларға кредиттік қолдау көрсетуді жалғастыруда. Банк бөлшек сегментте кепілсіз қарыздар алу процесін 100% автоматтандыруға қол жеткізді, барлық тұтынушылық кредиттердің 50% – ын клиенттер қосымша арқылы алады.

Beeline Қырғызстан жас ұрпақты қолдауға және елдегі кәсіпкерлік экожүйені дамытуға бағытталған MAKE your Mark жаһандық бастамасына қатысады. Осы бағыт аясында үш coworking орталығы ашылды (Бішкектегі Раззаков атындағы Қырғыз техникалық университетінің негізінде , №9 қалалық кітапханада, сондай-ақ Жалал-Абадтағы облыстық кітапхана негізінде). Бұл орталықтарда әртүрлі білімдері мен дағдылары бар жастар компьютерлерді, кітаптарды және Beeline-ның жылдам интернет желісін пайдалана отырып, идея алмасып, тиімді уақыт өткізе алады. Сонымен қатар, компания үш жылдан астам уақыттан бері Enactus халықаралық жастар ұйымымен ынтымақтасып келеді. Ынтымақтастық шеңберінде студенттерге Beeline-да тағылымдамадан өту, тәжірибе алмасу, компания қызметкерлері тарапынан қолдау және тәлімгерлік мүмкіндігі беріледі.

Верный капитал активтері бар қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету – компанияның негізгі міндеттерінің бірі.

RG Gold жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсарту және Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын және облыстың инфрақұрылымын жандандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Жыл сайын компания Успеноюрьевка және Николаевка ауылдарының мектептеріндегі жөндеу жұмыстарын және Щучинск-Дмитриевка учаскесіндегі жол жұмыстарын қоса алғанда, жергілікті қоғамдастықты қолдауға, сондай-ақ жергілікті халық үшін мерекелер ұйымдастыруға және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне атаулы қолдау көрсетуге 100 млн теңгеден астам қаражат бөледі. Компания жергілікті инфрақұрылымды салып, дамытты, мысалы, жатақхана, кеңсе, асхана және монша-кір жуу кешені ғимараттарымен вахталық кент салынды, қызметкерлердің ауысымнан кейінгі бос уақытын өткізу үшін спорт алаңы, спутниктік телевидениесі бар демалыс бөлмелері пайда болды. Вахталық кентті таза сумен қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы су және сарқынды суларды тазарту құрылыстары пайдаланылады.

Біз салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және жасына қарамастан барлық адамдар үшін игілікке жәрдемдесу – тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі деп санаймыз.

Beeline Қазақстан Covid-19 таралуын мониторингілеу үшін big data өңдеу сервисін құрды, ал медицина қызметкерлеріне көмек ретінде Doctor Online мобильді қосымшасын әзірледі, оның көмегімен әрбір қазақстандық тәулік бойы дәрігерлерден кеңес ала алады. Сонымен қатар, карантин кезеңінде компания медицина қызметкерлеріне тегін байланыс пен интернет ұсынды, сондай-ақ зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың ұялы байланыс үшін төлемақысын есептен шығаруды алып тастады. Beeline Kazakhstan Burabike қайырымдылық велошеруіне қатыса отырып, Болат Өтемұратов Қорымен белсенді ынтымақтасады. Жарысқа қатысқаны үшін жиналған барлық қаражатты Қор балаларды емдеу мекемелерін заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге аударады.

«Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясында компания бүкіл ел бойынша компьютерлік сыныптарды, мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу, білім беру, дамыту және бейімдеу орталықтарын жабдықтап, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етті, қазір онда дәрігерлер мен педагогтарды, оның ішінде басқа елдерден келген педагогтарды тарта отырып, ата-аналар үшін вебинарлар, мастер-кластар өткізіледі.

Beeline Қырғызстан мұқтаж отбасыларға 1 миллион сом аударды және пандемия кезінде республикалық көмек штабы үшін арнайы сенім телефонын ашты. Beeline call-орталығының қызметкерлері қиын жағдайға тап болған азаматтардан өтініштер жинап, өңдеп, штабқа жіберді. Сонымен қатар, компания аймақтық медициналық мекемелерге оттегі концентраторлары түрінде қайырымдылық көмек жіберді және әрқайсысы екі адамға арналған 20 жетілдірілген жиынтық сатып алды.

ForteBank Бурабайда өтетін Burabike Fest қайырымдылық фестивалінің белсенді қатысушысы. Велошеруден түскен барлық қаражат Қазақстанның медициналық мекемелеріне арнайы жабдық сатып алуға жұмсалады. ForteBank – төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай Қоғамы жобасының серіктесі. ForteBank пен Қазақстан теннис федерациясының жыл сайынғы қайырымдылық бастамасы спорттық өмір салтын насихаттауға және әуесқой және балалар теннисін дамытуға бағытталған ForteBankOpen турнирі болып табылады.

Теңсіздікті қысқарту және ешкімді де назардан тыс қалдырмауды қамтамасыз ету орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

2020 жылы Beeline Kazakhstan тұрғындар саны 250 адамнан асатын шалғай елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасын іске қосты. Жоба еліміздің барлық тұрғындарын тең цифрлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге арналған, оны іске асыру тұрғындардың электрондық үкімет, медицина және қашықтықтан оқыту сияқты маңызды ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бүгінде Beeline-мен байланыс Қазақстанның 3700-ден астам қалалары мен елді мекендерінде қолжетімді. Бұл халықтың 95% – ы, олардың 65% – ы 4G стандартты интернетке қол жеткізе алады.

Біз табиғи ресурстарды экологияның игілігіне пайдалануға негізделген жауапты тұтыну мен өндіріс әлемдік экономика мен өркениеттің қозғаушы күші болып табылатынына сенеміз.

Біз өз қызметімізде «жасыл» стандарттарды ұстанамыз, сондықтан Қазақстанның астанасының қақ ортасында орналасқан Верный капиталдың бас ғимараты – Talan Towers Gold санатында LEED (Leadership in Energy and Environmental Design) халықаралық сертификатын алған еліміздегі алғашқы және жалғыз көпфункционалды кешен. Ғимарат қоршаған ортаға аз зиян келтіреді. Біз су мен электр энергиясын үнемдеу, сондай-ақ осы құрылыста жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын сақтау арқылы қажетті көрсеткіштерге қол жеткіздік.

The Ritz-Carlton әлеуметтік жауапкершілік стратегиясы Community Footprints деп аталады және іздер арқылы құрылған жүрек түрінде логотипі бар. Ол құндылықтарға, ұзақ мерзімді жоспарға және компанияның бизнес-процестеріне біріктірілген. Логотип The Ritz-Carlton командасының жергілікті қауымдастықтарға адалдығын білдіреді. Community Footprints назар аударатын үш негізгі саланың бірі-Экология, сондықтан компания табиғи ресурстарды қорғау және сақтау арқылы тұрақты болашаққа ұмтылады. Сала өсімдіктерді қалпына келтіру және жануарларды қорғау жобаларын қамтиды. Мысалы, The Ritz-Carlton Astana қызметкерлері қоқысты тұрақты сұрыптап, қайта өңдеуге жарамды пластик пен әйнекті бөліп тұрады, сондай-ақ жануарларға арналған жергілікті баспаналарға көмек көрсетеді. Компания жүйелі түрде қайырымдылық жәрмеңкелері мен іс-шараларын ұйымдастырады, олардан жиналған қаражат экология мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаларға көмекке жіберіледі.

Beeline Kazakshtan ESG-күн тәртібінің шеңберінде энергия тиімділігін арттыруға, тиісті тәсілдер мен технологиялар көмегімен климаттың өзгеруіне қарсы күреске, оның ішінде корпоративтік клиенттер үшін әзірленетін әдістерге, ресурстарды ұтымды пайдалануға, қалдықтармен жұмыс істеуге баса назар аударады.

ForteBank өз қызметінің ерекшелігіне байланысты экологияға айтарлықтай әсер етпейді. Алайда, өз жұмысының аясында қоршаған ортаға және ресурстарды пайдалануға ұқыпты және ұтымды қатынасты қамтамасыз етуге тырысады. Банктің бас кеңсесінің және оның филиалдарының ғимараттары су, электр және жылумен жабдықтаудың автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталған. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес кейіннен қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін қауіпті қалдықтарды (қорғасын батареялар, аккумуляторлар, құрамында майы бар қалдықтар, пневматикалық шиналар, тұрмыстық қатты қалдықтар, құрамында сынабы бар шамдар, пайдаланылған майлар) жинау жүзеге асырылады. ForteBank өзінің «Жасыл кеңсе» жобасы аясында кеңселерде қоқысты бөлек жинау тәжірибесін жалғастыруда.

RG Gold экологияға және қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аудара отырып, бизнесті жүргізудің негізгі этикалық стандарттарын ұстанады. Компания қалдықсыз өндірістің озық және тиімді технологияларын енгізеді, өндірістік қызметті жоспарлау алдында санитарлық-эпидемиологиялық және мемлекеттік экологиялық сараптамалардан өтеді және табиғатқа, атап айтқанда атмосфералық ауаға, су және топырақ ресурстарына ықтимал теріс әсерді жүйелі бағалауды жүргізеді.

Гендерлік теңдік – адамның негізгі құқықтарының бірі ғана емес, сонымен бірге бейбітшілікке, өркендеуге және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қажетті негіз. Сондықтан да біз кадрлық саясатымызда меритократия қағидаттарын, жынысына қарамастан әлеуетті кандидаттардың кәсіби қасиеттерін басшылыққа аламыз. Гендерлік топтар бөлінісінде ForteBank әйел қызметкерлерінің үлесі – 63%-ды, ерлер – 37%-ды құрайды. Бас банктегі басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі – 52%, филиалдарда – 45%.

Beeline Қазақстан компаниясында басшылық лауазымдарындағы әйелдер саны жыл сайын артып келеді. Егер 2010 жылғы деректермен пайызбен салыстырсақ, бұл көрсеткіш 33%-ға өсті. Сондай-ақ, егер компанияның топ-менеджментінде оның қызметі басталғаннан бері дәстүрлі түрде бір ғана әйел өкілі-HR директоры болса, бүгінде төрт маңызды бағытты әйелдер басқарады: HR, PR, қаржы дирекциясы, комплаенс.

Тұрақты даму саласындағы сапалы көрсеткіштерге жалғыз қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан біз осындай маңызды мәселеде серіктестіктің маңыздылығын түсінеміз.

Верный капитал бенефициарлық топтардың өмір сүру сапасын және/немесе ұзақ мерзімді орнықтылығы бар объектілердің жай-күйін жақсарту үшін жүйелі көмек көрсететін Болат Өтемұратов Қорымен белсенді ынтымақтастық жасайды. Қордың миссиясы – денсаулық сақтау, білім беру және мәдениетті дамытуға жәрдемдесе отырып, бүгін және болашақта Қазақстанның адамдар өмірі үшін ең жайлы мекенге айналуға көмектесу.

ForteBank «Құланшы» заманауи өнер орталығымен бірлесіп 2016 жылы компанияның бас кеңсесінде Kulanshi ArtSpace галереясын ашты. Галереяда елорда тұрғындары мен қонақтары танымал қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындыларын тамашалай алады. Экспозиция екі айда бір рет жаңартылады. Бұдан басқа, ForteBank Болат Өтемұратов қорымен және Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамымен Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша ынтымақтасады.

Beeline Kazakhstan және ForteBank тұрақты даму үшін ҮЕҰ-мен серіктестікті қолдайды және Болат Өтемұратов қорымен Burabike қайырымдылық веложарысына қатыса отырып, белсенді ынтымақтастық жасайды. Жарысқа қатысқаны үшін жиналған барлық қаражатты Қор балаларды емдеу мекемелерін заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге аударады. Сондай-ақ Beeline Kazakhstan EMBRAS 2020 халықаралық байқауында жеңіске жеткен «Жылы жүрек» ішкі волонтерлік корпоративтік бағдарламасын 10 жылдан астам уақыт бойы белсенді түрде алға бастырып келеді. Осы бағдарлама аясында әлеуметтік және қайырымдылық ұйымдармен серіктестікте компания қызметкерлерін белсенді тарта отырып, көптеген жобалар іске асырылуда. Бұл донор күндері, сенбіліктер, ағаш отырғызу, аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек. Beeline-ның барлық әлеуметтік және қайырымдылық жобалары ҮЕҰ-мен бірге жүзеге асырылады. 2021 жылы басталған «Қауіпсіз интернет» жобасы Қазақстанда ЮНИСЕФ-пен тығыз ынтымақтастықта іске асырылуда. Компания серіктестерінің қатарында Birgemiz, Қазақстан Халқына қорлары, «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясында 20 қор мен әлеуметтік ұйымдар бар.

Біздің үлесіміз

Әлеуметтік жобалар
Білімге әлеуметтік маңызды инвестициялар
Актив-компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі