IMG

Global Development

IMG

«Глобал Девелопмент» – Орталық Азиядағы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы ең ірі және ең танымал жылжымайтын мүлік иелерінің бірі. Компания 2003 жылы құрылды және Қазақстанның ірі қалалары – Алматы мен Нұр-Сұлтанда ғимараттарды басқарумен айналысады. Компанияның басқаруында жалпы ауданы 72 000 ш.м. бизнес-орталықтар (GBA) бар. Компанияның жалға алушылар үшін үздік жағдай жасауға бағытталған және бизнестің кез келген секторында халықаралық компаниялардың жоғары талаптарына жауап беретін кеңселік жылжымайтын мүлік жобаларын іске асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар.

«Глобал Девелопмент» Орталық Азия өңірінде «Gold» деңгейіндегі «LEED» жасыл стандарттары бойынша салынған бірінші кешен болып табылатын Қазақстан астанасының төріндегі Talan Towers жоғары сыныпты көп функционалды кешенінің операциялық қызметін жүзеге асырады. Talan Towers өз шатырының астына The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйі мен резиденцияларын, Talan Gallery сауда орталығын және A сыныпты Talan Towers Offices бизнес орталығын біріктіреді.

Park View Office Tower және PRIME Business Park бизнес-орталықтары – көптеген жылдар бойы BREEAM халықаралық экологиялық стандарттары бойынша сертификаттау кезінде жоғары бағаға ие болған ғимараттар.

Park View Office Tower бизнес орталығы:

- BREEAM халықаралық экологиялық стандарттары бойынша сертификаттаудан өткен Орталық Азиядағы алғашқы «жасыл ғимарат» («Excellent» аккредиттеуді бағалау);

- OMIR жасыл құрылыс ұлттық стандарттары бойынша (Қазақстанның жасыл құрылыс индустриясына қатысушылар консорциумы ғимараттарын экологиялық бағалау жүйесі) сертификатталған Қазақстандағы алғаш ғимарат;

- экологиялық инновациялар саласындағы жетістіктері үшін «Regional Award-Asia» номинациясында марапатқа ие болып, Лондонда өткен BREEAM Awards 2019 халықаралық сыйлығының бірінші және жалғыз лауреаты болып табылады.

Компания тиімді бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалған ыңғайлы және функционалды коммерциялық жылжымайтын мүлікке деген клиенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруды көздейтін жеке тәсіл стратегиясын іске асырады. Компанияның қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейінің арқасында көптеген халықаралық және жергілікті брендтер «Глобал Девелопмент» басқаруындағы ғимараттарда кеңселерін ашады. Жалға алушылардың қатарында ExxonMobil Inc., Тengizchevroil, Lukoil, China Construction Bank, China Development Bank, Boston Consulting Group, White&Case, Hewlett Packard, Ernst and Young, Dentons, Mars Kazakhstan, Colgate-Palmolive, Caterpillar, SRK Consulting, French Consulate, Total, Cisco, Visa, Kazzinc, BASF, ACCA, Tetra Tech, L’oreal, BAKAD, Corteva Agriscience, Starbucks, Embassy of Malaysia, DHL, Imperial Tobacco, Freedom Finance, Turkish Airlines, British American Tobacco, Registrarius, Metito, Homecredit Bank, Otto group тәрізді және басқа компаниялар бар.

Компанияның әлеуметтік желілердегі аккаунттары: Instagram, Facebook 

Поделиться
Класснуть

Инвестиционные проекты