RG Gold компаниясы Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан, Қазақстанның ең ірі алтын кен орындарының бірі – Райгородок кен орнын игеруде.
Қазіргі таңда RG Gold компаниясы Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кен орындарынан жылына 2 млн тонна көлемінде шоғырлы сілтісіздендіру әдісімен тотыққан кенді өңдеуде.
2022 жылдың үшінші тоқсанынан бастап, жаңа алтын шығару фабрикасында (АШФ) сорбциялық сілтісіздендіру (тікелей цианидтеу) әдісімен жылына 5 млн тонна сульфидті кен өңделеді деп күтілуде.
Кәсіпорында өзіндік штатын құрайтын 800 жуық адам, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың 300 астам қызметкері жұмыспен қамтылған.
RG Gold компаниясы өз қызметкерлерінің қауіпсіздігіне, сондай-ақ, жалпы алғанда, бүкіл қызметтің қауіпсіздігіне аса көңіл бөлетін әлеуметтік жауапты ұйым болып табылады.