IMG

Сары-Арка аэропорты

IMG

Қарағанды қаласының халықаралық әуежайы Қазақстанның ең ірі әуе айлақтарының бірі және Еуропа мен Азияны байланыстыратын әуе дәлізінің ажырамас буыны болып табылады. Әуежай 1980 жылы құрылды және 1992 жылдан бастап халықаралық мәртебеге ие. Бүгінгі таңда «Сары-Арқа» әуежайы – халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары техникалық әрі пайдалану сипаттамалары бар және даму үшін қуатты әлеуетке ие заманауи әуежай кешені. 

2008 жылы инвестициялық бағдарламада көзделген әуежайды күрделі қайта құру аяқталды. Атап айтқанда, ұшу-қону жолағын жөндеу және ұзарту, жолаушылар терминалын екі жаңа телескоптық траптармен кешенді реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру жүргізілді; заманауи жүк-терминал салынды және әуежайлық арнайы техника сатып алынды.

Әуежайдың жобалық қуаты жылына 2,5 млн. жолаушыны құрайды, ал әуежайдың ұшу-қону жолағы әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алады. Әуежай тәулік бойы жұмыс істейді, кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылауды қамтамасыз етеді. Авиажолаушылар үшін ыңғайлы күту залы, CIP-зал, бар мен мейрамхана, ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, сақтау камерасы қарастырылған. Борттық тамақтану цехы жұмыс істейді. АВК ұшып келу және ұшып кету залдарында, кеден қоймасының үй-жайында жолаушылар мен багажды сапалы тексеріп қарауды қамтамасыз ететін заманауи тексеру жабдығы (Ұлыбритания мен Германия өндірген) орнатылған. Әуежай ISAGO тіркелген провайдері болып табылады және жерүсті қызмет көрсету жұмыстарының қауіпсіздігі бойынша IATA стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта қарағандылық әуежай арқылы Қытайдан Еуропаға бағдарлар бойынша Air Bridge Cargo, Longtail Aviation, National Airlines, Aquiline, Ruby Star сияқты авиатасымалдаушылар халықаралық жүк рейстерін және техстоптарды жүзеге асырады.

Қарағанды әуежайынан Air Astana, FlyArystan, SCAT, Aeroflot, S7-Сибирь, Turkish Airlines,  Qazaq Air, ZhezAir авиакомпаниялары Ресей, Қазақстан қалаларының ішінде, сондай-ақ Ресей, Түркия және Египетке жолаушылар рейстерін жүзеге асырады.

Поделиться
Класснуть

Инвестиционные проекты