01 Янв 1970 Beeline Kazakhstan - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің басты бағыты Қазақстан Республикасында сапалы білім беру базасын құру және қазақстандық жастардың дарынды өкілдерінің көбірек санының халықаралық стандарттарға сәйкес білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жобаларды дамыту болып табылады.

2016 жылдан бастап берілетін шәкіртақылар жүйесі енгізілді, бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және еліміз үшін кәсіптік кадрлар дайындауға маңызды
үлес болып табылады.

Beeline Kazakhstan

Beeline Kazakhstan

Beeline Kazakhstan

Әлеуметтік жауапкершілік принциптері Beeline Қазақстан бизнесіне терең интеграцияланған және компанияның қызметімен тікелей байланыста.

Beeline Қазақстан компаниясында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бизнестің басқарушы функциясы ретінде қарастырылады. Телекоммуникация саласы – өзінің мәні жағынан-ақ әлеуметтік-жауапкер екенін айта кету керек: операторлар қоғамды, стандарттар мен процестерді өзгертетін, адамдардың өмірін анағұрлым жайлы ететін инновациялық технологияларды енгізеді. Әлеуметтік жауапкершілік принциптері Beeline Қазақстан бизнесіне терең интеграцияланған және компанияның қызметімен тікелей байланыста. Әлеуметтік қызметтің негізгі бағыттары білім беруді, жастардың кәсіпкерлігін қолдау және қайырымдылық болып табылады.

Қазақстандағы Beeline әлеуметтік жобаларының негізгі бағыттары

  • Білім беру жобаларына қолдау көрсету, жастарға үздік білімдер алуға, өз машықтарын кеңітуге және жетілдіруге көмектесу
  • Жастарға, жас кәсіпкерлерге мобильді технологиялар арқылы өз идеяларын ілгерілетуге және жаңа цифрлық бизнес құруға болысу
  • Қайырымдылық. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды сауықтыруға, әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жобаларды қолдау

Негізгі жобалар

әлеуметтік мекемелерге тегін интернет ұсыну

Жоба 2014 жылы бастау алды. Бағдарламаның негізгі мұраты: даму үшін тең мүмкіндіктер беру, міндеті - әлеуметтік мекемелерге тегін интернет ұсыну, қатысушылар – арнайы мектеп-интернаттар, оңалту орталықтары, балалар үйлері, жастар үйлері.

Бүгінгі таңда жобаның шеңберінде бүкіл Қазақстан бойынша 23 әлеуметтік объект Beeline тарапынан тегін жылдамдықты интернет алады. Әлеуметтік мекемелердің 3000 тәрбиеленушісінен астам және көру қабілеті шектеулі адамдарға арналған арнайы кітапханалардң 10 000 оқырманынан астамы лимитсіз интернетке қол жеткізу мүмкіндігіне ие. Тұтынылған трафик көлемі 2017 жылдың ортасына қарай 45 000 000 МБАЙТтан астам құрады.

«Eurasia Mobile Challenge» мобильді қолданбалар конкурсы (Global Mobile Challenge халықаралық жарыстарының бір бөлігі болып табылады)

Конкурсты VEON штаб-пәтері ұйымдастырған (Beeline Қазақстан бұл аса ірі телекоммуникациялық холдингтің бір бөлігі болып табылады). Beeline орын тепкен барлық елдерде 2015 жылдан бастап жыл сайын авторлары студенттер мен жас кәсіпкерлер болып табылатын диджитал саласындағы үздік жобаларды іріктеу өткізіледі. Қазақстандық кезеңнің жеңімпаздары Еуразия елдерінің арасындағы конкурстың қатысушыларына айналады, оның жеңімпаздары – өз кезегінде – Барселонадағы Дүниежүзілік мобильді конгреске сапарға барады. Сонымен қатар, үздік мобильді қолданбалардың авторлары Beeline тарапынан өз жобаларын дамыту және іске асыру үшін ақшалай жүлделер алады.

корпоративтік волонтерлік бағдарлама

Beeline Қазақстанда 2008 жылдан бері іске қосылған және табысты жұмыс істейді. Волонтерлік ұялар компанияның барлық филиалдарында жұмыс істейді. Волонтерлік жобаларға 1000 шақты қызметкер белсене қатысып, өз уақытын, тәжірибесін және білімдерін инвестициялайды. «Жылы Жүрек» шеңберіндегі көп акциялар тұрақтыға айналды. Волонтерлер Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне, Білім күніне арналған қайырымдылық жобаларға тартылған, сондай-ақ Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ағаш отырғызуға, сенбіліктерге, түрлі әлеуметтік объектілердің және тұрмысы осал отбасылардың пайдасына заттар жинауға қатысады. Компания жыл сайын Волонтерлер слеттерін өткізеді, олардың шеңберінде мастер-кластар және белгілі қоғам қайраткерлерімен кездесулер, әлеуметтік мекемелерден балалармен бірлескен іс-шаралар өтеді, сондай-ақ компанияның үздік волонтерлері мен волонтерлік ұялары марапатталады.

Негізгі серіктестер және игілік алушылар

«Добровольное общество Милосердия» қайырымдылық қоры

«Аяла» қайырымдылық қоры

«Здоровая Азия» қоры

Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жекеше қайырымдылық қоры

«АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы

«КЕҢЕС» мекемес

«WikiBilim» қоғамдық қоры

«Бауыржан» қайырымдылық қоры

«Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі» қоғамдық қоры (ZhasCamp конференциясы)

ENACTUS халықаралық студенттер ұйымы

«ҰОС ардагерлері, тыл еңбекшілері мен соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры

«PosadiDerevo.kz» республикалық қоғамдық бірлестігі

«AIESEC» халықаралық коммерциялық емес ұйымы

«Ковчег» балалар үйі

«Ашық Әлем» қоғамдық қоры

«ҚР Чернобыль ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстанның барлық аймақтарындағы балалар үйлері

Қайырымдылық смс жобалар

  • «Балаларға өмір сыйла!», нөмірі 9099, 2007 жылдан бері. Оларды емдеу үшін тек шетелдергі операциялар қажет балаларға арнап қаражат жинау
  • «Тыныста, балақай!», нөмірі 9962, 2011 жылдан бері. Қазақстанның перзентханаларындағы реанимациялардың жабдығы үшін қаражат жинау.
  • «Мен сенімен біргемін. Хоспис балаларға», тұңғыш балалар хосписін қолдау үшін 5353 нөміріне қайырымдылық аударымдар. 2010 жылдан бері.
  • «Алақандағы өмір», СМС жоба, 2012 жылдан бері, 950 нөміріне қайырымдылық аударымдар, ауыр диагноздары бар балаларды емдеуге көмек

Білім беруге әлеуметтік маңызды инвестициялар:

Университет Нархоз

Университет Нархоз

Haileybury Astana

Haileybury Astana

Haileybury Almaty

Haileybury Almaty

Компания-активтердің әлеуметтік жауапкершілігі:

Beeline Kazakhstan

Beeline Kazakhstan

Burger King

Burger King

Университет Нархоз

Университет Нархоз