01 Янв 1970 Haileybury Almaty - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің басты бағыты Қазақстан Республикасында сапалы білім беру базасын құру және қазақстандық жастардың дарынды өкілдерінің көбірек санының халықаралық стандарттарға сәйкес білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жобаларды дамыту болып табылады.

2016 жылдан бастап берілетін шәкіртақылар жүйесі енгізілді, бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және еліміз үшін кәсіптік кадрлар дайындауға маңызды
үлес болып табылады.

Haileybury Almaty

Haileybury Almaty

Haileybury Almaty өзінің есіктерін 2008 жылы Ұлыбританиядағы Haileybury мектебімен бірлестікте ашты.

Бұл коммерциялық емес білім беру жобасын бір топ қазақстандық бизнесмен қаржыландырды.

Haileybury Almaty 4 жастан 18 жастағы балалар үшін британдық білімнің үздік дәстүрлеріндегі ауқымды оқу бағдарламасын ұсынады. Біздің балалар болашақта табысқа жету үшін қажетті машықтарын дамытады. Оқушылардың баршасына кешенді оқуды толықтыруға арналған түрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысу ұсынылатын ортада көшбасшылық қасиеттер, көптің алдында сөйлеудегі сенімділік, проблемаларды шеше білу және дербес оқуға қабілеттілік жұмыс берушілер мен жоғарғы оқу орындары өте бағалайтын құндылығы жоғары машықтар болып табылады. Біздің мақсатымыз – әр баланың білім әлеуетін ашу.

Мектептің кеңітілуіне байланысты, бізде жергілікті ұжыммен қатар жұмыс істейтін халықаралық кадрлардың өсіп келе жатқан саны бар. Олар өздерімен бірге ауқымды шетелдік тәжірибе алып келеді және барлығы ағылшын тілінде сөйлейтіндер болып табылады.

Біз ұлдар мен қыздарды бастапқы таңдаған университеттеріне және әлем азаматы ретіндегі өмірге дайындаймыз. Біз оған академиялық үстемдікті шабыттандыру, сондай-ақ қолдаушы әрі қамқор ортада сыныптан тыс белсенділіктердің жалпақ ауқымының арқасында көшбасшылық машықтарды дамыту арқылы қол жеткіземіз. Бұл тұлғаның, еңбекқорлықтың, өзіне деген сенімділіктің және мықты әлеуметтік машықтардың дамуына болысады.

Оқушылар өздеріне шетелдердің және Қазақстанның үздік университеттеріне оқуға түсуге мүмкіндік беретін озық деңгейге («A levels») дайындалады.

Haileybury Almaty мектебінің 4A level түлектері әлемнің 10 үздік университетінің бірінде – UCL (Лондонның Университеттік колледжінде) оқиды. Haileybury мектебінің басқа түлектері бүгінгі таңда Кембридж университеті, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі және Лондонның Империялық колледжі секілді жоғарғы оқу орындарында оқиды.

2018 жылға біздің алтыншы сынып оқушыларымыз да сондай-ақ Гарвард-колледж, Массачусетс технологиялық институты және Оксфорд Университеті секілді атақты университеттерге өз өтінімдерін берді.

Haileybury Almaty Есентай өзенінің жағасының бойындағы асқақ Тянь-Шань тауларына көрініс ашылатын көркем парк аймағында, Сұңқар Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің қасында орналасқан. Haileybury оқушылары алаңшалардағы тамаша спорттық жабдықтың рақатын көреді, сондай-ақ қыс мезгілінде Shymbulak шаңғы алаңшасын пайдаланады.

Білім беруге әлеуметтік маңызды инвестициялар:

Университет Нархоз

Университет Нархоз

Haileybury Astana

Haileybury Astana

Haileybury Almaty

Haileybury Almaty

Компания-активтердің әлеуметтік жауапкершілігі:

Beeline Kazakhstan

Beeline Kazakhstan

Burger King

Burger King

Университет Нархоз

Университет Нархоз