01 Янв 1970 Университет Нархоз - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің басты бағыты Қазақстан Республикасында сапалы білім беру базасын құру және қазақстандық жастардың дарынды өкілдерінің көбірек санының халықаралық стандарттарға сәйкес білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жобаларды дамыту болып табылады.

2016 жылдан бастап берілетін шәкіртақылар жүйесі енгізілді, бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және еліміз үшін кәсіптік кадрлар дайындауға маңызды
үлес болып табылады.

Университет Нархоз

Университет Нархоз

Университет Нархоз

Халық шаруашылығы университеті ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырады. Жоғарғы оқу орны оқушылардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына арнайы көмек көрсетеді, университеттің гранттарын бөледі, оқу үшін шегерімдер, жеңілдікпен медициналық қызмет көрсету бағдарламаларын, спортты дамыту және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу арқылы оқушылардың денсаулығын қолдау жүйесін ұсынады. Университет студенттерге практика, болашақ мамандығының бейіні бойынша ақылы машықтанудан өтетін жерді таңдауда, жұмысқа орналасуда жәрдем береді, еңбек ардагерлеріне материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетеді, жеңілдікпен медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емдеу, денсаулықты қолдау, еңбек қорғау, біліктілікті жоғарылату және тіл үйрету, баспана мәселелерін шешуде болысу бағдарламаларын іске асырады.

Университет сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар акциялар – студенттер мен студенттік жастар ұйымдарының өзін өзі басқаруын, оқытушылар мен оқушылардың қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысуын қолдауды өткізеді. Спортты және волонтерлік қозғалысты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша акцияларға, донорлық акцияларға қолдау көрсетіледі. Университет сондай-ақ балалар үйлері мен ардагерлер үйлерінде қайырымдылық акциялар, ауру балаларды емдеуге қаражат жинауды және экологиялық акциялар – сенбіліктер, қуат үнемдеу және қалдықтарды басқару бойынша іс-шаралар өткізеді. Халық шаруашылығы университеті № 1 «Балапан» балалар үйіне, № 8 балалар үйіне, Алматы қаласының мектеп-интернаттарына, «Ардагер» ардагерлер үйіне, «Алматы қалалық психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған үй-интернат» КММ-не көмектеседі.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ

Оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету
  1. Шарт негізінде білім алатын бакалавриат студенттеріне әлеуметтік жәрдем келесі түрде көрсетіледі:
  2. Жетім балалар үшін оқу құнын төмендету – 50%; ата-анасының екеуінің де (бір ата-ана жағдайында – біреуінің) белгіленген І және ІІ топтың мүгедектігі бар балалар үшін; оларға медиктік-әлеуметтік сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша тиісті мамандық бойынша оқу қарсы көрсетілмеген І және ІІ топтың мүгедектері, бала жасынан мүгедектер мен мүгедек балалар үшін – 20 %; ерекше үлгідегі дипломы бар еншілес білім беру ұйымдарын бітірген студенттер үшін – 10%;
  3. Университет/еншілес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балалары үшін оқу құнын төмендету – бір оқу жылында 15%-дан 25%-ға дейін;
  4. Университет қызметкерлері үшін оқу құнын төмендету – жұмыс өтіліне қарайбір оқу жылында 20%-дан 0%-ға дейін;
  5. «Верный Капитал» компаниялар тобының жұмыскерлері үшін - бір оқу жылында 25%-ға дейін;
  6. Верный Капитал» компаниялар тобының жұмыскерлерінің жақын туыстары үшін - бір оқу жылында 10%-ға дейін;
  7. ҰБТ барысында 140 ұпайдан кем дегенде 125 ұпай алған және аттестаттың орташа ұпайы кем дегенде 4,5 – бірінші оқу жылына 90%.
  8. Жазғы семестр үшін жеңілдіктер беру (стационарлық емделуде ұзақ уақыт болған студенттерге, сондай-ақ растайтын құжаттар тапсырылғанда, өзге дәлелді себептер бойынша; академиялық демалыста болған студенттерге, оқу жоспарының өзгеруі байланысты – жеңілдіктердің мөлшерлерін жоғарғы оқу орның басшылығы қарастырады).
  9. Халық шаруашылығы университеті түлектерінің, Түлектер қауымдастығының мүшелерінің жарналарынан, жеке және заңды тұлғалардың ерікті құрмалдықтарынан қалыптастырылатын «ESF» корпоративтік қорының желісі бойынша студенттер мен магистранттардың оқуын қаржыландыру (бір оқу жылына қордың қаражатының есебінен немесе түлектерден атаулы гранттар бөлу арқылы 1 жылға немесе бүкіл оқу кезеңіне).
  10. Жатақханамен, тамақтандырумен, емделу үшін мүмкіндіктермен қамсыздандыру:
  11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан басқа қалалық студенттерді жатақханадағы орындармен тегін қамтамасыз ету;
  12. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және диспансерде есепте тұрған балалардың қатарынан студенттер үшін тегін тамақтандыру;
  13. Оқушыларға Алматы қаласындағы «Республикалық дәрігерлік орталық» ЖШС-нде тегін медициналық қызмет көрсету;
  14. Университеттің медициналық пунктінде тегін қызмет көрсету;
  15. Жасасқан Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, "MY CLINIC" медициналық орталығында медициналық қызметтерге 30-70% шегерім;
  16. Әлеуметтік қолдау көрсету сондай-ақ төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:
  17. Университеттің гранттарын бөлу (соңғы жылдары Narxoz Challenge Олимпиадасының, ғылыми сайыстардың жеңімпаздарына, мемлекеттік білім беру грантына конкурс бойынша өтпеген «Алтын белгі» белгісінің иелеріне; әлеуметтік-қорғалмаған санаттар үшін жыл сайын гранттар тапсырылады);
  18. Бекітілген Білім беру жеңілдіктерін беру туралы ережеге сәйкес оқу үшін шегерімдер ұсыну
  19. Спортты дамыту және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу арқылы оқушылардың денсаулығына қолдау көрсету (Университетте спорттық кешен жұмыс істейді, оған стадион, спорт корпусы, спорт залдары кіреді, қайта құрудан кейін жабық суға жүзу бассейні бар спорттық-сауықтыру кешені іске пайдалануға енгізілген; бассейні бар спорттық-сауықтыру кешеніне қатынауға шегерімдер беріледі; Университетте 12 спорттық секция жұмыс істейді; спартакиадалар, әрқилы спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі, спортшы студенттер республикалық және халықаралық жарыстар мен чемпионаттарға қатысады; салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шығармашылық іс-шаралар өткіщіледі; Университеттің Қапшағай су қоймасында және Балқаш көлінде демалыс базалары бар);
  20. Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шетелдерде практика, ақылы машықтану базаларын таңдауда (Грекия – «Job Trust» халықаралық бағдарламасының негізінде, Ресей, Түркия, Қытай), түлектерді жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу (Мансап орталығы жұмыс берушілермен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара жұмыс жасайды, жылына үш дүркін «Вакансиялар галереясын» өткізеді);
  21. Студенттерге: «Metro Potentials», Форум «TravelWorks» бағдарламасы, McKinsey&Company компаниясы тарапынан «Business Diving 2017» кейс-чемпионаты, Microsoft, Amazon, Procter&Gamble, Deloitte тарапынан конкурстар, «Sanofi Health Force» машықтану бағдарламасы, «Филип Моррис Казахстан» ЖШС тарапынан INKOMPASS машықтану бағдарламалары, «Elite рекрутинг компаниясы» тарапынан «Үздік студенттер 2017» конкурсы, Теле 2 тарапынан «2017 жылғы машықтану», «EY Accounting case competition», Day of Big 4 жарысы, «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан «Жас Өркен» бағдарламасы, жоғарғы оқу орындарының арасындағы «Cup KIMEP» жарысы және т.т. секілді бағдарламалар, конкурстар және бизнес-чемпионаттар бойынша келесіде жұмысқа орналасумен ақы төленетін машықтануларға конкурстарға қатысу мүмкіндігін ұсыну;
  22. Түлектердің деректер қорын қалыптастыру, Түлектер қауымдастығын дамыту және олардың мүшелерін Университетті, дарынды оқушыларды және Университеттің инфрақұрылымын дамытуды әлеуметтік қолдау бағдарламаларына тарту;
  23. Студенттер мен магистранттарды корпоративтік серіктестер, халықаралық компаниялар, холдингтер және кәсіпорындар қаржыландыратын ғылыми-зерттеушілік және әлеуметтік жобаларға тарту;
  24. 21. Ғылыми конференцияларға, спорт жарыстарына қатысу үшін сапарға баратын оқушыларға материалдық қолдау көрсету (жолын, тұрақтауын, тамағын төлеу).
Әлеуметтік маңызы бар акциялар
  1. Студенттердің өзін өзі басқаруына және студенттік жастар ұйымдарына қолдау көрсету (Университетте «Таңдаулы Экономистер Одағы» (ТЭО) дебаттар клубы, Нархоз Team, Өзіңді өзің жаса әдеби клубы, Virus Narxoz клубы, Нархоз Pride спорттық ұйымы, Нархоз КВН, Жайдарман, Enactus Нархоз, Нархоз Жастар Театры, Grow up, Narxoz Union, Нұр Отан партиясының Жас Отан жастар қанаты, сан алуан шығармашылық үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді);
  2. ПОҚ, қызметкерлер мен оқушылардың қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысуы («Алматы қалалық құқықтық тәртіпті қорғауға жәрдемдесу бойынша бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, «Қызыл Ай Қоғамы» және басқалары);
  3. Волонтерлік қозғалысқа қолдау көрсету;
  4. Салауатты өмір салтын ұстану (Студенттермен жұмыс жөніндегі деканат жыл сайын Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының, колледждері мен мектептерінің арасында «Темекісіз өмір, есірткісіз өмір» шығармашылық конкурсын өткізеді; студенттер үшін ЖИТС күрес бойынша дүниежүзілік науқанды қолдауға лекциялар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі), және жұқпалы аурулардың профилактикасы бойынша акциялар және басқасы;
  5. Донорлық акциялар (Университетте жыл сайын «Донор күндері» өткізіледі. Акцияға 150 адамнан астам – студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер қатысады және қан тапсырады).
Қайырымдылық
  1. Чернега отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді, 2 жасар қыздың ата-анасы біздің Университеттен көмек сұрап жүгінді.
  2. «Good Soul of Narxoz» студенттер ұйымының мүшелері сәби Ердулла Санжарды емдеуге ақша қаражатн жинауға арналған «Never give up» қайырымдылық концертіне билеттерді сатуға өткізуде көмек көрсетті.
  3. Психикалық дамуында кешеуілдеу бар балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқоршылығынсыз қалған балаларға арналған № 8 балалар үйіндегі қайырымдылық акциясы.
  4. «Біз қасыңыздамыз» қайырымдылық жобасы «Солнышко» қарттар үйінде тұрып жатқан жалғыз басты қарттарға қолдау көрсетуге бағытталған. Университет қызметкерлері мен студенттерден құралған волонтерлік команда Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
  5. Жыл сайын «Балапан» № 1 балалар үйіндегі тәрбиеленуші жетім балалар үшін балалардың киімі мен аяқ киімін жинау ұйымдастырылады.
  6. Жыл сайын мамыр айының басында Жеңіс күнінің қарсаңында Университеттің ПОҚ және қызметкерлерінің Кәсіподақ комитеті студенттердің шығармашылық ұжымдарының қатысуыен Университеттің бұрынғы жұмыскерлері – ҰОС ардагерлері, еңбек майданына қатысушылар, ҰОС қатысушылардың жесірлері мен ауған соғысының жауынгерлері үшін мерекелік концерт пен түскі ас ұйымдастырады, сондай-ақ ардагерлерге қаржылық көмек және сыйлықтық тамақ жиындарын бөледі.
Ардагерлерге көмек
  1. Қарт адамдар күніне (1 қазан) зейнетке шыққан 186 ардагерге 1.3 миллион теңге жалпы сомаға материалдық көмек көрсетілді.
  2. Жеңіс күніне (9 мамыр) 30 ҰОС, еңбек майданына қатысушыларға және ауған соғысының жауынгерлеріне материалдық көмек түрінде 350 000 теңге бөлінді.
Қайырымдылық акциялар
  1. Балалар үйлерінде, ардагерлер үйлерінде қайырымдылық акциялар өткізілді (ақша қаражаты, заттай және тағамдық пакеттер жиналды және табысталды, мәдени іс-шаралар өткізілді); балаларды емдеуге қаражат жиналды және табысталды.

ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ТІРЕГІ

1. Университеттің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
2. Университеттің зерттеулер мен инновациялар орталығы ретінде орын алуы.
3. Халық шаруашылығы университетінің түлектерін еңбек нарығында жұмысқа орналастыруды тиімді қамтамасыз ету үшін қазақстандық және халықаралық компаниялармен берік байланыстар орнату.
4. Университеттің әкімшілік және білім беру қызметінде тиімділікті арттыруға болысатын, сондай-ақ ішкі коммуникацияларды жақсартатын заманауи ақпараттық жүйелер енгізу.
5. Халық шаруашылығы университетінің барлық білім беру бағдарламалары халықаралық кәсіптік стандарттарға сәйкес келеді.
6. Білім беруге инновациялар енгізу.
7. Сыбайлас жемқорлыққа және плагиатқа төзімсіздік.
8. Жоғарғы оқу орның ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін құру, онда оқушылар мен оқытушылардың құзыреттілігіне (білімдеріне, ебділіктеріне, машықтарына, қатынастарына) ерекше көңіл бөлінетін болады.
9. Халық шаруашылығы университетінің оқытушыдаоы мен қызметкерлерінің машықтарын дамыту.
10. Халық шаруашылығы университетін интернационалдандыруды кеңіту.

Білім беруге әлеуметтік маңызды инвестициялар:

Университет Нархоз

Университет Нархоз

Haileybury Astana

Haileybury Astana

Haileybury Almaty

Haileybury Almaty

Компания-активтердің әлеуметтік жауапкершілігі:

Beeline Kazakhstan

Beeline Kazakhstan

Burger King

Burger King

Университет Нархоз

Университет Нархоз