Жер күні

Beeline Kazakhstan «Жылы Жүрек» еріктілер қозғалысы «Жер күні» ағаш отырғызу бойынша науқанды бастады, оның барысында біз Республикалық Диагностикалық Орталықтың аумағында 200 көшет: шетен, қайың, жұпаргүл, жөке және мойыл отырғыздық. "Верный Капитал" компаниялар тобының Бас директоры Ерлан Оспанов ағаш көктеуі үшін оны қалай дұрыс отырғызу бойынша мастер-класс өткізді. Науқан Астана, Алматы, Қарағанды мен Шымкентте өтті. Компаниялар тобынан 250 адамнан астам Қазақстан қалаларын көгалдандыруға өз үлесін қосты.

Поделиться
Класснуть