«Beeline Қазақстан» бірінші басшысы тағайындалды

Ол Александр Комаров орнына келді

Евгений Настрадин «Beeline Казахстан» компаниясының бас атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Forbes.kz-ке телекоммуникациялық саладағы дереккөз хабарлады. Евгенийдің тағайындалуы туралы ресми түрде бейсенбіде, 17 қаңтарда жарияланады.

Ертеректе Настрадин мырза «Beeline Қазақстан» компаниясының жаппай нарықты дамыту жөніндегі коммерциялық директор лауазымында жұмыс істеді.

Евгений Настрадин 1975 жылғы 4 сәуірде дүниеге келді. 1995 жылы ұшқыш мамандығы бойынша Кременчугск азаматтық авиация ұшу училищесін бітірді, одан әрі инженер-ұшқыш мамандығы бойынша Кировоградск азаматтық авиация ұшу училищесінде оқуын жалғастырды. 2014 жылы «Кәсіпорындар экономикасы» мамандығы бойынша Одесса ұлттық политехникалық университетінің дипломын алды.

Өз жұмыс жолын Евгений 1997 жылы Одессада «Japan Tobacco International» (JTI) компаниясында бастады.

2005-2008 жылдары «Астелит» ЖАҚ компаниясында (Turkcell украиндық филиалы) сатуларды және дистрибуцияны жоспарлау жөніндегі дивизион басшысы болып жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары «БеСТ» ЖАҚ (Turkcell Беларусьтегі филиалы) абоненттеріне қызмет көрсету жөніндегі директор болды. 2009 жылы «Вижн ТВ» ЖШҚ-на (Viasat, Украина) коммерциялық директор лауазымына шақырылды. 2010 жылдан бері – украиндық ОТР Банке басқарма мүшесі.

2013-2016 жылдары «Домашние деньги» ЖШҚ-ның коммерциялық директоры болды.

Поделиться
Класснуть

Свежие новости