Burabike Fest 2019

Осы жылдың басты спорттық-музыкалық іс-шарасы – Burabike Fest 2019 фестиваліне ерте тіркелу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз! Ол 24-25 тамыз күні, әдеттегідей, көркем Щучинск-Бурабай курорттық аймағында өтеді, ал шараның эпицентрі дәстүрлі түрде Rixos Borovoe қонақ үйі болады! Early bird бағасы – 7000 теңге (1-ші тамызға дейін).

Burabike Fest 2019 фестиваль тарихындағы ең қызыққа толысы болады! Фестиваль алғаш рет екі күн бойы өткізіледі, ал оның бағдарламасы келесі шараларды қамтиды:

  • Спортты сүюші және өзіне сенімді жандар үшін, 35 және 70 километрлік веложарыс;
  • Табиғат аясынан ләззат алғысы келетіндер үшін, 10 километрлік веложарыс;
  • Қонақ үйдің жоғары сыныпты корттарында өтетін жолдастық теннис матчтары;
  • Көгілдір көл жағасындағы пикник;
  • Ең танымал қазақстандық орындаушылардың Open Air концерті;
  • Қайырымдылық аукционы;
  • Шығармашылық шеберлік сыныптар
  • Әсерлі лазерлік шоу;
  • Шатырлар қалашығы;
  • Жақсы көңіл-күй;
  • Ескі достармен кездесу және жаңа адамдармен танысу!

Сіз 2019 жылғы жаздың ұмытылмас екі күнін өткізесіз!

Айта кету керек, Burabike Fest – бұл сауық-сайран және драйв қана емес, сондай-ақ игі іс жасау мүмкіндігі. Іс-шарадан жиналған бүкіл қаражат алпауыт еліміздің өңірлік ауруханалары мен клиникаларына медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға бағытталатын болады. Burabike Fest өткізіліп жүрген жылдар ішінде 676,5 млн. теңге қаражат жиналды, ал Қазақстанның жиырмадан астам емдеу мекемелері, перзентхана және балалар үйлері ондаған мың пациентке қажетті заманауи медициналық құрал-жабдықтарды иеленді. Біз өзіміздің ізгі дәстүрімізді жалғастырамыз, ал сіз өз үлесіңізді қосасыз!

Burabike Fest 2019-да кездескенше!

https://burabike.kz/

Поделиться
Класснуть