31 арна «Мама, мы дома» жобасын іске қосқалы жатыр

«Жобаның ерекшелігі: көрермендерге жобаға қатысушы жанұяның өмірі көрсетіледі. Басынан аяғына дейін. Яғни, сіз отбасыны көріп, 31-арна ұжымының неліктен дәл осы отбасыны таңдағанын түсінетініңізге толық сенімдімін. Яғни, барлығы ашық түрде көрсетіледі. Жобаға ойдан шығарылған кейіпкерлер қатыспайды. Қатысушалар – кәдімгі көршілері бар, кәдімгі қалалардағы, кәдімгі ауылдардағы кәдімгі адамдар. Бұл формат бүкіл әлемде танымал. Біз осы жылы біздің басты өлшемшартымыз үйлеріне жөндеу жұмыстары қажет көп балалы отбасылар болады деп шештік», - дейді министр.

«31-арна» Бас директоры Юрий Бродский жобаға қатысу үшін көп балалы отбасыларға қандай іріктеу талаптары қойылатыны жайында айтып берді.

«Іріктеуге қойылатын аса талаптар жоқ. Ең бастысы отбасындағы 18-ге толмаған бала саны 4 және одан көп болуы тиіс. Ең маңызды талап – осы. Метраж бойынша шектеулер бар, себебі біз бір бөлме немесе ас үйді емес, үйді толығымен жөндейміз. Біз санитарлық тораптарға да, ас үйге арналған техникаға да жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жөндеу аймағы үлкен болады деген сөз, сол себепті шектеу бар. Метраж бойынша шектеу – 55 метр және тұрғын үй меншікте болуы тиіс, жалға алынған болмауы тиіс. Қалғаны жайлы біз отбасы өкілдерімен сөйлесіп, олардың тарихына қатысты жұмыстар жүргізіп, осы факторлар жиынтығы негізінде шешім қабылдайтын боламыз. Шешімді біздің ішкі комиссия қабылдайды», – дейді 31-арнаның Бас директоры Юрий Бродский.

«Көп балалы отбасыларда әрдайым уайым жетеді, әсіресе, егер бұл тұрғын үй құрылысына қатысты болса. Біз «Мама, мы дома» жобасы көп балалы отбасылардың пәтерлері мен үйлеріндегі интерьерді жайлап қана қоймай, оларға бақытты болуға көмектеседі деп сенеміз. Әр серия – жеке шығарылым, бір отбасының жеке тарихы. Ал бұл тарих міндетті түрде сіздердің жүректеріңізге жетеді деп сенемін», - дейді Юрий Бродский.

Естеріңізге сала кетейік, «31-арна» Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, бүкіл Қазақстан бойынша көп балалы отбасыларды қолдау аясында, «Мама, мы дома» жобасын іске қосады.

Жобаға дайындық 15 мамыр күні басталады. Жобаға қатысу үшін, өтінішіңізді dom@31.kz пошта жәшігіне жіберу қажет немесе жоба үйлестірушісіне +7 708 267 7326 телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Ал 11 тамыздан бастап «31-арна» көрермендері әр отбасымен танысып, көп балалы отбасылардың пәтерлері мен үйлерінің қалай өзгеріп, иелерін қалай қуантатынын бақылай алады

https://www.inform.kz/ru/ob-osobennostyah-proekta-mama-my-doma-rasskazal-dauren-abaev_a3526523

Поделиться
Класснуть

Свежие новости