Жыл Сайынғы Қаржы Конференциясы 2019

Біз «Верный Капитал» тобының қаржы қызметтерінің басшыларына арналған кезекті жыл сайынғы конференцияны өткіздік. Дәстүрлі іс-шара кәсіби әңгіме-дүкен құру және қаржыны басқару саласында тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.

Конференцияны «Верный капитал» тобының Қаржы директоры Федор Попандопуло және Бас директордың қаржы жөніндегі орынбасары Айдан Ақанов ашты. Олар 2018 жылғы Топ жобалары жұмысының қаржылық қорытындыларын шығарды. KPMG Audit Department директоры Сергей Нездемковский жеке сессияда KPMG компаниясымен топтың сыртқы аудитіне үш жылдық келісімшарт қорытындыларын, сондай-ақ 2018 жылғы аудиттің аралық қорытындыларын жариялады.

Салық және заңгерлік кеңес беру бөлімшесінің басшысы, KPMG компаниясының серіктесі Инна Алхимова салық заңнамасындағы соңғы өзгерістерге шолу жасады, сондай-ақ салықтық жоспарлау және оңтайландыру мәселелерін баяндады. Сондай-ақ, конференция аясында Ұлттық Банк пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басшылары сөз сөйледі. Арман Бейсембаев, FXPrimus компаниясының талдау бөлімінің басшысы құнды қағаздар нарығын техникалық талдау тәжірибесімен бөлісті. «Brands&Talents» компаниясының (Мәскеу) Project Management Director-ы Светлана Феоктистова жеке өзекті тақырыпта сөз сөйледі: Цифрлық балалар: жаңа буын құндылықтарының өзгерісі. Не нәрсеге дайын болу қажет және нені білу керек.

Конференцияның жұмыс сессиясы «Astana Property Management» ЖШС қаржы директоры Леонид Кирьяков сөзімен аяқталды. Ол өзінің жеке қаржылық әл-ауқатын сақтау және арттыру тәжірибесімен және дағдыларымен бөлісті.

Поделиться
Класснуть