Евгений Кражан Beeline Kyrgyzstan-ның Бас директоры болып тағайындалды

Евгений Кражан бұған дейін Украинадағы Киевстар компаниясында Корпоративтік сату жөніндегі директор қызметін атқарды. Киевстар компаниясына Евгений Кражан 2005 жылдың сәуір айында келді. Бірнеше жыл бизнес жүргізудің тиімділігін арттырумен, дағдарысқа қарсы басқарумен байланысты үдерістік тәсіл мен жобаларды әзірлеумен және енгізумен айналысты. Атап айтқанда, BigData, Mobile ID қызметтерін іске қосу, SMS арқылы жол ақысын төлеу, аграрлық қызметкерлерге арналған мобильді платформа бойынша жобаларға жетекшілік етті.

Бұдан бұрын Beeline Kyrgyzstan Бас директоры қызметін Акмаль Малаев атқарған болатын.

Поделиться
Класснуть