Expert Update – Жаңа Орталық Азия

Expert Update – Жаңа Орталық Азия

Орталық Азия соңғы бірнеше жылда айтарлықтай өзгерді. Сарапшылар елдер арасындағы, ең алдымен, экономикалық мәселелерде тығыз ынтымақтастыққа алғышарттарды атап өтті. Көшбасшысы ауысқаннан кейін, Өзбекстан ашық сыртқы саясат жүргізіп, өңірге инвестиция тартуды арттыра отырып, іс жүзінде Қазақстанмен қатар өңірдің қозғаушы күшіне айналып бара жатыр. Орталық Азияны қандай болашақ күтіп тұр? Елдер өңірлік мәселелерді бірлесіп шеше алады ма? Аймақ экономикасының жағдайы не болады, сондай-ақ елдер болашақ сын-қатерлерге жауап бере алады ма?

Осы және басқа да мәселелерді саясаткерлер мен экономистер Vласть интернет-журналы және «Верный Капитал» компаниялар тобы ұйымдастыратын ExpertUpdate кезекті кездесуінде талқылайды.

Кездесу спикерлері:

Алмас Чукин, экономист.

Асқар Нұрша, саясаттанушы.

Рустам Бурнашев, саясаттанушы.

Пікірталас модераторы – қоғам қайраткері және баспагер Досым Сәтпаев.

Поделиться
Класснуть