RG Gold тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастағалы жатыр

Бұл туралы компания өкілдері Ақмола облысының әкімімен кездесу барысында хабарлады.

Дәурен Мырзағалиевтің айтуынша, сәуір айында RG Gold жылына 5 млн тонна кен шығаратын кен байыту комбинатын салуға кіріседі. Ақмола облысының экономикасына салынған инвестицияның жалпы көлемі 105 млрд теңгені құрайды.

Кәсіпорында 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания ТБК құрылысы кезеңінде одан да көп мамандарды тартуды жоспарлап отыр.

RG Gold Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан, көлемі бойынша Қазақстанның үшінші алтын кен орны – Райгородок кен орнын игеруде.

Толығырақ – сюжетте.

Поделиться
Класснуть