"Верный Капитал" компаниялар тобы коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қорға 1 миллион доллар бөледі

Коронавирустың жаһандық пандемиясы жағдайында елдегі экономикалық және әлеуметтік ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстан Президенті мен Үкіметі қабылдап жатқан шаралар кешенін қолдау мақсатында, "Верный Капитал" компаниялар тобы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жасаған жолдауынан кейін коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қорға 1 миллион АҚШ доллары мөлшерінде сома бөлу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

"Қазіргі кезде әлемде коронавирустық инфекцияның таралу қаупі мен жаһандық пандемияны тоқтату мақсатында үкіметтер жүргізіп жатқан шаралар жанап өтпеген адам жоқ. Бұл – оңай кезең емес, сол себепті бізге бір-бірімізге қолдау мен көмек көрсете отырып, осы кезеңді бірге бастан кешу керек. Мен қазақстандықтарға көмек көрсетуші республикалық қорға 1 миллион доллар аудару туралы шешім қабылдадым. Мен, сондай-ақ, компаниялар тобының кез келген жағдайда бизнесті әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сай жүргізетіндігін растаймын", – деп атап өтті Болат Өтемұратов.

Бұған дейін Болат Өтемұратовтың қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа қарсы күрес шараларына 200 млн теңге бөлді. Бұл ақшаға қор COVID-19 вирусының ағзада бар-жоғын анықтауға арналған экспресс-тесттер жиынтығын сатып алады және Денсаулық сақтау министрлігімен және басқармаларымен бірлесе отырып, жылжымалы талдау жүргізу пункктерін ұйымдастырады.

Поделиться
Класснуть