ForteBank гибридтік жұмыс режиміне көшеді

Бұл туралы банк басшылығы қызметкерлер арасында жүргізілген ТЖ режимі кезіндегі олардың жұмысы туралы анонимді сауалнамадан кейін шешім қабылдады:

- қызметкерлердің 70%-ы бұл олардың алғашқы қашықтықтан жұмыс істеу тәжірибесі екендігін белгіледі;

- қызметкерлердің 56%-ы жұмыстың тиімділігі өзгермегенін атап өтті;

- қызметкерлердің 35%-ы тиімділіктің артуы туралы мәлімдеді;

- 63% қызметкер карантинді аяқтағаннан кейін кеңсеге мезгіл-мезгіл бара отырып, қашықтықтан жұмыс істегісі келеді;

- қызметкерлердің 18%-ы жұмыс уақытысында үйден жұмыс істеуді қалайды.

ForteBank Қазақстандағы карантиндік шектеулер алынғаннан кейін гибридтік жұмыс режиміне көшеді. Осылайша, бұл кестені ыңғайлы көретін банк қызметкерлері жұмысты қажет болғанда кеңсеге келумен бірге үйден жалғастыра алады.

ForteBank-тен біздің әріптестеріміз жұмыстың жаңа форматы туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар, ТЖ және карантин режимі кезінде әр түрлі бөлімшелердің өкілдері өзара қалай қарым-қатынас құратыны және үйден жұмыс істеу олардың өмірі мен кәсіби сапасына қалай әсер еткені жайлы бөлісті (спойлер: оларға ұнайды!).

Толығырақ Informburo.kz материалында:

Гибридный режим работы. ForteBank доказывает, что это возможно

Поделиться
Класснуть