31-арнаны телепродюсер Екатерина Кочева басқарды

31-арнаның бас директоры болып танымал қазақстандық телепродюсер және медиаменеджер Екатерина Кочева тағайындалды.

Екатерина Кочева теледидарда 2002 жылдан бастап жұмыс істейді, ол көптеген қазақстандық тележобалардың авторы және продюсері болып табылады. 2019 жылғы сәуірден 31-арнада қызмет етеді, 2019 жылғы 3 қазанда стратегиялық жоспарлау және өндіріс жөніндегі директор болып тағайындады, ал 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап телеарнаның бас директорының міндетін атқарды.

Оның жетекшілігімен  "Кел, татуласайық"  жаңа ток-шоуы, "Коронавирус: не істеу керек?" танымдық бағдарламасы, "Бәріміз үйдеміз" ойын-сауық бағдарламасы эфирге шықты.

"31-арна - Қазақстандағы ең үздік арналардың бірі, оны басқару мүмкіндігі үшін қуаныштымын. 31-арнаның командасымен біз бірқатар жаңа жобаларды іске қостық, олар біздің телекөрермендеріміздің жүрегінен үндеу табады деп үміттенеміз. Акционерлермен әзірленген және бекітілген 31-арнаның даму стратегиясы телеарнаға аудиторияны арттыруға, жарнама берушілерді тартуға және қазақстандық теледидар дамуының жаңа трендтерін көрсетуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Екатерина Кочева.

Екатерина Кочева Қазақстанда дүниеге келген, теледидардағы жұмыс өтілі -18 жыл. Ең ірі қазақстандық телеарналарда – Хабар, КТК, НТК арналарында жұмыс істеді. "Наша KaZаша", Minute to Win it, "Рассмеши Комика" тәрізді жобалардың продюсері болды. 2015-2018 жылдары ON TV телеарнасының UEFA-мен ынтымақтастық жобасына, соның ішінде қазақстандық командалардың қатысуымен UEFA Чемпиондар Лигасының халықаралық трансляцияларына жетекшілік етті.

Соңғы жылдары түрлі тележобаларды өндірумен, сондай-ақ телевизиялық контентті сатып алумен және эфирге дайындаумен белсенді айналысты.

Ақпарат көзі: www.informburo.kz

Поделиться
Класснуть