Болат Өтемұратов қоры Covid-19 вирусына ПТР-скрининг жасауға арналған екі зертханалық кешенді тапсырды

Болат Өтемұратов қоры Covid-19 вирусына ПТР-скрининг жасауға арналған екі зертханалық кешенді тапсырды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов және Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов Алматыдағы коронавирусты анықтауға арналған алғашқы модульдік зертханалық кешеннің жұмысына бастау берді.

Осындай зертхана 5 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласында да жұмыс атқаруда. Болат Өтемұратов қоры бұл екі кешенді медициналық зерттеулер жүргізу, зертханалық талдауларға арналған жабдық пен шығыс материалдарын өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы – BGI (ҚХР) компаниясынан 4 млн. АҚШ долларына сатып алып, жергілікті әкімдіктер мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына тегін табыстады.

Халыққа коронавирусты анықтауға арналған жоғары дәлдікті тегін ПТР-скрининг жүргізуші оператор ретінде Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы тағайындалды.

Алматыда зертхана «Атакент» көрме орталығы павильондарының бірінде, Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан» спорт кешенінде орналасқан. Қажет болған жағдайда, зертхананың орналасуын бір апта ішінде өзгертуге болады.

Поделиться
Класснуть