Нұр-Сұлтандағы The Ritz-Carlton Residences дүние жүзі бойынша желі резиденциялары арасынан үздік деп танылды

The Ritz-Carlton Residences, Astana резиденциясы 2019 Residential Awards of Excellence корпоративтік сыйлығының ішінде түрлі номинациялар бойынша алты марапатқа ие болды.

Марапаттау жыл сайын өткізіліп, барлық резиденциялар арасынан үздіктер таңдалады. Осы жылы іс-шара онлайн-режимде ұйымдастырылып, оған барлық құрлықтардан 190-нан астам адам қатысты.

The Ritz-Carlton Residences, Astana келесі номинацияларда аталып өтілді:

- шағын резиденциялар иелерінің тартылуы;

- қызметкерлердің тартылуы;

- резиденцияны басқару;

- үздік практикалық инновациялар үшін марапат;

- жыл резиденциясы.

Тағы бір құрметті марапатқа астаналық резиденцияның менеджері Жазира Денгелова ие болды, ол The Ritz-Carlton Residences арасынан Үздік резиденция көшбасшысы болып танылды.

The Ritz-Carlton резиденцияларының бөлімшесі қонақ үйден тыс үздік қызмет алғысы келетін адал қонақтар үшін құрылды. Резиденцияны иелері жеке пайдалануға алады.

Компанияның резиденцияларының көпшілігі АҚШ-та орналасқан. Нұр-Сұлтан мен Алматыда The Ritz-Carlton отбасының Еуропа мен ТМД аумағындағы жалғыз резиденциясы орналасқан.

The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйі көп функционалды TalanTowers кешенінде орналасқан. Онда Нұр-Сұлтандағы бірінші люкс сыныпты The Ritz-Carlton, The Ritz-Carlton Residences қонақ үйі және А сыныпты таңдаулы бизнес-орталығы мен сауда галереясының басы қосылған. Жобаның инвесторы «Верный Капитал» компаниялар тобы – тікелей инвестициялар саласында жұмыс істейтін Қазақстанның ірі компанияларының бірі, оның қоржынына, сондай-ақ, The Ritz-Carlton, Moscow және The Ritz-Carlton, Vienna кіреді.

Ақпарат көзі: Informburo.kz

Поделиться
Класснуть