S&P агенттігі ForteBank рейтингтерін растады

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ForteBank рейтингтерін «B+/B» деңгейінде растады, ұлттық межелік бойынша рейтингі - «kzBBB», болжам – «тұрақты».

S&P талдаушыларының айтуынша, рейтингті растау агенттіктің топшылауын білдіреді – банк капиталы мен өтімділік қоры Қазақстанда экономикалық құлдыраудан, Covid-19 пандемиясынан және мұнай бағасының төмендеуінен қалыптасқан жағымсыз жағдайлардан болған қысымға төтеп беруге мүмкіндік береді.

«Мен S&P талдаушылары банкке сенім білдіруді жалғастырып, оның рейтингін ағымдағы деңгейде растағанына қуаныштымын. Пандемияға байланысты нарықтағы қиын жағдайларға қарамастан, ForteBank жоғары тиімділігін және оң қаржылық әрі операциялық нәтижелерін сақтап келеді. Қаржылық көрсеткіштер клиенттеріміздің банкке деген сенімін әйгілейді. Forte командасы өз клиенттері үшін күнделікті пайдалануға арналған жаңа цифрлық өнімдер мен сервистерді әзірлеу мақсатында тоқтаусыз жұмыс атқаруда», – деп ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили рейтинг қорытындысы жайында өз пікірін білдірді.

Поделиться
Класснуть