С. Буянский: "Біз студенттерді емтиханда көшіргені үшін қалпына келтірусіз оқудан шығаратын Қазақстандағы алғашқы университет боламыз".

Narxoz University ректоры м.а. Станислав Буянский informburo.kz-ке берген сұхбатында академиялық адалдық саласындағы университет ережелерін қатаңдату туралы айтты.

«Емтиханда көшіргені үшін студент оқудан шығарылады, плагиат үшін – нәтижелері нөлденеді және емтиханға жіберілмейді. Біз студенттерді емтиханда көшіргені үшін қалпына келтірусіз оқудан шығаратын Қазақстандағы алғашқы университет боламыз. Біздің міндетіміз – жоғары халықаралық стандарттарға сай болу және Нархоз дипломына деген сенімді арттыру. Тіпті егер орташа GPA Қазақстанның көптеген басқа университеттеріндегі көрсеткіштен төмен болса да, жұмыс берушілер бұл сандар өтірік жазылмағанын, ауыр еңбекпен алынғанын және түлектің дипломда жазылған біліктілігі бар екенін айқын түсінетін болады».

Университетте тәуекелдерді, соның ішінде сыбайлас жемқорлықты азайтуға арналған комплаенс-қызмет құрылған. Сондай-ақ Нархозда үнемі этика жөніндегі комиссия отырыстарын өткізеді, онда студенттердің оқытушылар мен қызметкерлердің әдепсіз мінез-құлқына деген барлық шағымдары қаралады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жоғары оқу орнымыздың жоғары нәтижелерін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі бірнеше рет атап өтті - 2019 жылдың соңында Narxoz University академиялық адалдығы үшін "Академиялық адалдық үлгісі" номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Толығырақ ақпарат - informburo.kz мақаласында.

Поделиться
Класснуть