Ғалым Оспанов, RG Gold: «Қауіпсіздік біз үшін, әсіресе, қазір маңызды мәселе болып қала бермек».

RG Gold компаниясының операциялық директоры Ғалым Оспанов кәсіпорынның жаңа шындыққа қалай бейімделгені туралы айтып берді.

RG Gold компаниясы Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан Райгородок ірі алтын кен орнын игеруде. Компанияда өз штатының 850-ден астам адамы, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың 300-ден астам қызметкері жұмыс істейді.

Барлық қызметкерлер ықтимал вирустық инфекциялардан жеке қорғаныс және алдын алу құралдарымен қамтамасыз етілген - бұл антисептиктер, бетперделер, қолғаптар және көзілдіріктер. Әр қызметкер вахтаға түсер алдында міндетті ПТР-тестілеуден өтеді, ол компания қаражаты есебінен өткізіледі. Жұқтырған жұмысшылар мен байланыста болған адамдарды оқшаулау бойынша белгіленген алгоритм бар.

Барлық кеңсе және тұрғын үй-жайларда, асханада, бос уақытты өткізуге арналған бөлмелерде, жұмыс үй-жайларында, қойма және басқа да аумақтарда, дәліздерде және техникалық бөлмелерде зарарсыздандыру тұрақты түрде жүргізіледі.

«Пандемияға және қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтау бойынша айтарлықтай шығынды шараларға қарамастан, біз жұмыс орындарын немесе жалақыны қысқарту жөнінде бір сәт те ойланбадық. Біз жұмысты бұрынғыдай жалғастырамыз, барлық жұмыс орындарын сақтап, еңбекақыны толық көлемде төлейміз», - деп атап өтті Оспанов.

Толығырақ ақпарат - informburo.kz мақаласында.

Поделиться
Класснуть