Елдің алтын-валюта сақтық қорында алтын қайдан пайда болады?

Әнуар Шалқарбеков, «RG Gold» компаниясының бас директорының м.а., Tengrinews.kz берген сұхбатында алтын өндірудің ел экономикасындағы рөлі туралы, сондай-ақ алтын өндіру фабрикасын салу бойынша ауқымды жоба туралы айтып өтті.

«Біздің компания елдің алтын-валюта сақтық қорларын толықтыру үшін ғана алтын өндіреді, сол арқылы ұлттық валюта мен елдік рейтингтің тұрақтылығын қамтамасыз етеді», - дейді Шалқарбеков.

Қазіргі уақытта RG Gold компаниясы Ақмола облысының Бурабай ауданында алтын өндіру фабрикасының құрылысы бойынша жобаны іске асыруда. Осындай зауыттар Оңтүстік Африка Республикасында, Австралия және Канадада бар. Шалқарбековтың айтуынша, жаңа технологиялар мен заманауи құрылыс материалдарын пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтау жобаның қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Компания тұрақты негізде жергілікті тұрғындар мен экобелсенділердің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Қалдық қоймасының құрылысы бойынша кезекті қоғамдық тыңдаулар осы жылдың 11 қыркүйегінде өтеді.

Алтын өндіру фабрикасының құрылысын аяқтау және пайдалануға енгізу 2022 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. Инвестицияның жалпы сомасы 100 миллиард теңгеден асады. 1 000-нан астам қазақстандық тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі, ал мемлекеттік бюджетке жыл сайынғы салық аударымдары 20 миллиард теңгеден асады.

«Біздің жоба 20 жылға есептелген, келісімшарттың қолданылу мерзімі – 2040 жылға дейін. Осы уақыт ішінде біз кен денесін толық өндіруіміз қажет. Жоба аяқталғаннан кейін екі карьер қалады. Мұндай карьерлер, әдетте, табиғи бассейндерді қалыптастыра отырып, су астында қалады. Бұл - әлемдік тәжірибе. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, қалдық қойманың үстіне құнарлы өсімдік қабаты төселеді, оны табиғи түрде шөп басып, дөң пайда болады. Шаң, кір немесе басқа да қалдықтар қалмайды», - дейді Шалқарбеков.

Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

Поделиться
Класснуть