Райгородоктың таза алтыны. Алтын өндірушілердің экологияға деген қамқорлығы

Қазақстандық RG Gold алтын өндіруші компаниясы жақын арада асыл металды өндірудің неғұрлым өнімді әдісі – «пульпадағы көмір» әдісін қолдана бастайды. Осы кәсіпорынның мысалында бұл қандай әдіс, ол не үшін қажет және қаншалықты қауіпсіз екенін, сондай-ақ қазақстандық алтын өндірушілер өз кәсіпорындарын қоршаған табиғи ортаны қорғауда қандай тәсілдерді қолданатынын қарастырайық.

Солтүстік және Оңтүстік Райгородок (Қазақстанның Ақмола облысының Бурабай ауданы) алтын кен орындарын өндіруші RG Gold компаниясы жаңа алтын өндіру фабрикасының құрылысына 100 млрд теңгеден астам инвестиция салады.

Оны іске қосу 2022 жылдың соңына жоспарланған, осының арқасында компания кенді қайта өңдеу көлемін арттырып (жылына 5 млн тоннаға дейін), алтын өндірудің жылдық көрсеткішін түбегейлі ұлғайта алады – ағымдағы 50 мың унциядан 175 мың унцияға дейін. Кен орны қорының жалпы бағасы - 6 млн унция.

Өнімділіктің артуы алтын өндірудің басқа - алтын кенін шанда шаймалау әдісін енгізумен байланысты. Қазіргі уақытта өндірісте үймелік шаймалау әдісі қолданылады.

«Пульпадағы көмір» алтынды шаймалау әдісі бизнесті тиімдірек етеді, бірақ бұл аймақтағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау, жұмысшылар мен аудан тұрғындарының денсаулығына төнуі ықтимал қауіп туралы ойландырады. Себебі цианды препараттар күшті улы заттар санатына жатады. Біздің тілшіміз неліктен RG Gold компаниясы жаңа әдіске көшкендігі жайлы анықтауға тырысты.

Толығырақ - Informburo.kz материалында.

Поделиться
Класснуть