Саймон Миллс: пандемия кезіндегі қашықтықтан оқыту форматы, оқудағы жаңа енгізілімдер және грантқа түсу туралы

Пандемия кезіндегі қашықтықтан оқыту форматы, оқудағы жаңа енгізілімдер және грантқа түсу туралы - informburo.kz тілшісі Haileybury Almaty мектебінің жаңа директоры Саймон Миллспен әңгімелесті.

Миллстің айтуынша, жоғары сынып оқушыларын қашықтықтан оқыту кезінде олардың күн тәртібі өзгермейді. «Олар (мектеп оқушылары) таңертең оянады, сабақтар онлайн режимде өтеді, жеке шаруаларына және түскі асқа үзіліс болады. Дегенмен, біз студенттерге және олардың ата-аналарына компьютерге қадала отырып қоймай, сонымен қатар гимнастикамен айналысуға, белсенді демалуға кеңес береміз. Мысалы, бізде таза ауада жүгіруге арналған «Таңғажайып күз» бағдарламасы болды. Себебі монитордың алдында ұзақ уақыт отыру балалардың психикасына және олардың физикалық күйіне теріс әсер етуі мүмкін. Онлайн білім берудің қиындығы - мұғалімге студенттермен үнемі сенімді қарым-қатынас орнату қажеттілігі. Біз бұл мәселеге ерекше назар аударамыз, себебі білім сапасы осыған байланысты», - дейді Миллс.

Жыл сайын Haileybury Almaty мектебі A-Level бағдарламасы бойынша осы оқу орнында білім алуға материалдық мүмкіндігі жоқ дарынды балаларға арналған 10 тегін орын бөледі. «Қазір біз дәстүрлі пәндік олимпиадаларға дайындық жүргізудеміз, ол мектепте тегін оқуға гранттар алудың бірінші кезеңі болады. Біз олимпиадаға қатысуға дарынды оқушылардан 100-ден астам өтінім қабылдадық», - деп атап өтті Саймон Миллс.


Толығырақ - informburo.kz материалында

Поделиться
Класснуть