Лукаш Сковроньски: Пандемия кезеңінде сервистік кеңселерге сұраныс шамамен екі есе өсті

«Верный капитал» тобының кеңселік жылжымайтын мүлік қоржынын басқаратын Global Development компаниясының директоры (компанияның басты жобасы – Talan Towers бизнес-орталығы) Лукаш Сковроньски пандемия кезеңінде сервистік кеңселерге деген сұраныс шамамен екі есе артқанын атап өтті. Негізінен - қазір жалдау мерзімі бітетін компаниялардың есебінен, яғни олар кеңсені жалға берушімен шарттық қатынастарды мерзімінен бұрын бұзғаны үшін қарастырылған айыппұлсыз ауыстыра алады.

«Қазір адамдар кеңселерді мүмкіндігінше тиімді пайдаланғысы келеді. Аудан шығынынсыз, артық ақы төлеуді талап ететін артық кеңістіктің болмауы. Pay as you use - пайдаланғаның үшін ақы төле. Осы кезең үшін өте ыңғайлы», - деп атап өтті ол.

Talan Towers Executive Hub кеңселерінде жалдау ақысы айына бір жұмыс орны үшін 500 доллардан 700 долларға дейін ауытқиды (бұл кеңсенің конфигурациясына байланысты). Сонымен бірге, Сковроньскидің айтуынша, дәстүрлі кеңселерден Executive Hub-қа көшу кезінде кеңсе кеңістігін жартылай қысқартқан компаниялар бар.

Talan Towers мұнараларындағы дәстүрлі кеңселерді жалға алушылар – мұнай-газ саласының, халықаралық банктердің, майнингтік компаниялардың, консалтингтік фирмалардың өкілдері, АХҚО резиденттері 2019 жылғы қыркүйекте іске қосылған Executive Hub сервистік кеңселерінің бірінші қабатын жүктеуді екі ай ішінде қамтамасыз етті. Олар аудиторлардың жұмысы тәрізді уақытша жобалар үшін қысқа мерзімге шағын икемді кеңселерді жалға ала бастады.

Global Development компаниясы сұранысты бағалап, 2020 жылдың наурыз айында сервистік кеңселердің екінші қабатын, ал қазан айында үшінші қабатын іске қосты. Қазір сервистік кеңселердің резиденттері арасында ірі халықаралық компаниялар ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де, жеке кәсіпкерлер де бар – олар үшін беделді кеңсе – имидж мәселесі. «Біз шағын және орта бизнестің мұндай икемділікке айрықша мұқтаж екенін байқадық және біз оны ұсындық», – дейді Лукаш Сковроньски.

Толығырақ: kursiv.kz

Поделиться
Класснуть