Станислав Буянский, Нархоз: Біз тік биліктен басқарудың матрицалық құрылымына көшеміз

Университет ректорының м.а. Станислав Буянскийдің айтуынша, жаңа ұйымдастырушылық құрылым бизнес-үдерістерді айтарлықтай оңтайландыруға және басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа құрылым батыстық әріптестерді қайталайды - ректор лауазымы президент лауазымына ауыстырылады, қосымша түрде провост лауазымы енгізіледі. Президенттің міндеттеріне университеттің стратегиялық даму мәселелері, мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл, әкімшілік және кадр мәселелері, заңдық тәуекелдер, қауіпсіздік мәселелері және халықаралық ынтымақтастықтың жекелеген мәселелері кіреді. Ал ғылыми және академиялық блоктармен, сондай-ақ мектептерді үйлестірумен провост айналысады.

«Бүгін біз бизнес-үдерістердің қай кезеңде тиімділігін жоғалтатынын, ал қай кезеңде қозғалыссыз тоқтайтынын анық көріп отырмыз. Жаңа құрылым - бұл су арналарының қосымша жүйесі іспетті. Егер өзен жол таппаса, ол жағасынан тасиды немесе тұрып қалады, алайда қосымша арналар ашсақ – айналасы гүлдене түспек. Ұйымдарда да солай. Біз әр түрлі модельдерді талдап, бүгінгі күні белгісіз нарықтық ортада дәл осындай басқару моделі жақсы нәтиже беретінін нақты білеміз. Айта кету керек, ұйымдық құрылымды өзгерту – бұл тек бастамасы ғана, біз өзгерістерге ашықпыз және университет қызметінің барлық салаларында біртіндеп ауқымды трансформация жүргізу бойынша жоспарлар әзірледік. Бірте-бірте біз әлемдік деңгейдегі университет құрамыз. Бүгінгі стратегиялық мақсатымыз - Орталық Азияда үздік оқу орнына айналу. Біз осы бағытта беттеп келеміз», - деп атап өтті Буянский.

Айта кету керек, екі лауазым да сайланбалы. Конкурсқа қатысу үшін қажетті дағдылар мен құзыреттілікке ие қазіргі басшылар да, сыртқы кандидаттар да құжаттарды тапсыра алады.

Үміткерлерге қойылатын талаптардың сипаттамасымен университет сайтында танысуға болады: https://narxoz.kz/job/vacancy34/

Толығырақ - informburo.kz материалында

Поделиться
Класснуть