Ерлан Оспанов: Барлық компаниялар жұмысын штаттық режимде жалғастырады

"Біз барлық активтерге иелік ету бойынша шектеу шаралары туралы ағылшын сотының шешімін алдық. Бұл шектеулер Болат Өтемұратов акционер болып табылатын компаниялардың, оның ішінде банктер, қонақ үйлер, телеком-операторлар, тау-кен өндіру компаниясы мен фаст-фуд мейрамханаларының операциялық қызметіне қатысты емес және ықпал етпейді.

Активтерге салынған шектеу меншік иесінің өзі акционер болып табылатын компанияларды басқаруға қатысу құқығын шектемейді және бизнес жүргізуге кедергі келтірмейді. Барлық компаниялар жұмысын штаттық режимде жалғастырады.

Біз бірнеше рет атап өткендей, талап арыз жалған құжаттар негізінде берілген. Барлық құжаттар толығымен бұрмаланған. Халықаралық адвокаттардың БТА банкінің талап арызына жауабы оның заңгерлеріне жіберілді. Шағымның өзі дайындалуда. Бізге банк талаптарына наразылық білдіру үшін уақыт қажет".

Ерлан Оспанов, "Верный Капитал" компаниялар тобының бас директоры

Поделиться
Класснуть