Ағылшын сотының Болат Өтемұратовтың активтеріне шектеу шараларын қолдану туралы бұйрығының күші жойылды

Болат Өтемұратов және БТА банкінің өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесінде құпия келісімге қол қойылды, оған сәйкес банк өзінің талап арызын қайтарып алуға міндеттенді. Осы келісім бойынша ағылшын сотының Болат Өтемұратовтың активтеріне шектеу шараларын қолдану туралы бұйрығының күші жойылды.

Мұхтар Әбілязов, оның сыбайластары және олармен байланысты тұлғалар мен компаниялар БТА банкінен шығарған ақша қаражатын жылыстату туралы іске Болат Өтемұратовтың және онымен байланысты тұлғалар мен компаниялардың қатысы жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну туралы уағдаластық Болат Өтемұратовқа және онымен байланысты тұлғалар мен компанияларға қарсы БТА банкінің талап арызын реттеу үшін негіз болып табылады. Маңызды құжаттардың бір бөлігі аталған келісімге қол қойылғанға дейін ұсынылды.

Тараптар сондай-ақ БТА банкінің өз қаражатын қайтару жөніндегі шараларды іске асыруда пайдалы болуы мүмкін кез келген деректермен алмасу мәселесі бойынша ынтымақтасуға уағдаласты.

Поделиться
Класснуть