Moody's агенттігі ForteBank рейтингін арттырды

Moody's сарапшылары хабарлағандай, ForteBank рейтингтерінің артуы коронавирусты тежеу жөніндегі шаралармен және Қазақстандағы экономикалық белсенділіктің төмендеуімен байланысты бизнес-қиындықтарға қарамастан, банк капиталдандыруының тұрақты жақсаруымен және күшті өтімділігімен түсіндіріледі. Соңғы жылдары ForteBank пайданың тұрақты және кредит берудің қалыпты өсуін көрсетті, бұл банкке өзінің тұрақтылығын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Fortebank-тің өтімділігі де жоғары деңгейде қалуда, банк кредиттер беруге консервативті тәсілді сақтай отырып, өзінің депозит қорын белсенді түрде ұлғайтуда.

ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили рейтингтің артуына түсінік бере отырып: «Moody's халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank командасының елдегі ең тұрақты банк құрудағы жұмысын бағалайды. 2020 жылғы қарашада Fitch рейтингтік агенттігі ForteBank рейтингтері бойынша болжамды жақсартты. Пандемияға байланысты күрделі нарықтық жағдайларға қарамастан, ForteBank жоғары қаржылық және операциялық нәтижелерді сақтауды жалғастыруда. Рейтингтің артуы дұрыс таңдалған даму стратегиясын, тиімді қызметті және клиенттеріміздің банкке деген жоғары сенімін растайды», - деп атап өтті.

Толығырақ: kapital.kz

Поделиться
Класснуть