Давлат Абдували: Қазіргі уақыттағы МВА құндылығы туралы

Давлат Абдували, PhD, Narxoz University Жоғары бизнес мектебінің деканы, қазіргі уақыттағы МВА құндылығы туралы:

«Нархоз МВА саласындағы көптеген әлемдік көшбасшылар тәрізді кандидаттарды мұқият іріктейді. Біз үшін бағдарламаны қысқа мерзімді жоспарда барынша көп студентке сату маңызды емес, жоқ. Біз үшін қызықты көзқараспен, жеткілікті тәжірибемен және дұрыс үміттермен дайындалған тыңдаушылардың жан-жақты инклюзивті тобын қалыптастыру маңызды. Тыңдаушылар топқа құндылық қосуға – тәжірибемен бөлісуге, ойлануға, тыңдауға және ой-пікірді сыни бағалауға, жаңа идеялар құруға, ақпаратты қабылдауға және пайдалануға дайын болуы керек».

«Сіз үнемі бір үй-жайда жиналып, әр түрлі компаниялардың және жұмыс бағыттарындағы басшылармен ортақ міндеттерді шешесіз деп елестетіп көріңіз. Гүл бизнесі мен ұялы байланыс алпауыты арасында ынтымақтастық үшін идеялар бар ма? Бейресми жағдайда тікелей басшыларға осы идеяларды ұсынып, талқылаңыз. Өз бизнесіңіз үшін жақсы аудитория тапқыңыз келе ме? Сіз онымен бір үстел басында отыруыңыз мүмкін», - дейді Д. Абдували.

Narxoz University МВА бағдарламасының артықшылықтары туралы Forbes Kazakhstan материалында толығырақ

Поделиться
Класснуть