ForteБанк және Қазпошта онлайн-сауда саласында стратегиялық серіктестік орнатты

ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили және «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы Қанат Алпысбаев стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес Forte экожүйесінде, бірінші кезекте, ForteBank, ForteMarket және ForteMobile жүйелерінде «Қазпошта»-ның интернет-дүкендерге қызметтердің толық спектрін ұсынатын фулфилмент-орталықтарының қуатын үйлесімді пайдалану жоспарлануда: тауарларды сақтаудан бастап, оны буып-түюге және клиентке жіберуге дейін.

«ForteBank дамытатын тұжырым өте ширақ әрі, менің пікірімше, белгілі бір бірегейлікке ие: өнім қолданыстағы интернет-дүкендерді қайталамайды және үлкен серпінге ие. Біз өз тарапымыздан барлық логистикалық шешімдер мен мәселелерді бірлесіп дамытуды және қолдауды ұсынамыз: біздің облыстық қалалардағы фулфилмент-орталықтардан бастап «Қазпошта» қызмет ететін аудан орталықтары мен ауылдарды қамтамасыз етуге дейін»,- деп атап өтті «Қазпошта» Басқармасының төрағасы.

Forte мен «Қазпошта» ынтымақтастығы Алматыда басталады, онда қоймалау және фулфилмент бойынша қолда бар қуаттар іске қосылады. Болашақта Forte Market-тің дамуына қарай бұл тәжірибе бүкіл республикаға таралады, сол арқылы үздіксіз көлік шешімдерін қамтамасыз ету жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, Forte банкі соңғы екі жылда өз өнімдерінің экожүйесін дамытуда. Бұл экожүйенің бір бөлігі - Forte Market брендімен 200 мыңнан астам тауарлар мен 500-ден астам сатушы серіктестерден тұратын онлайн маркетплэйс құру.

Локдаун кезінде отандық сатушыларға қолдау көрсету үшін Forte маркетплейс арқылы тауарларды сату үшін алынатын комиссияны толығымен алып тастады. Локдаун жойылғаннан кейін комиссия қайта есептеле бастады, бірақ бәсекелестерге қарағанда төмен деңгейде қалуда. ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвилидің пікірінше, меморандумға қол қою клиенттерге өз тапсырыстарын тезірек алуға мүмкіндік береді.

«Бүгін қол қойылған меморандум біздің компаниялар үшін ұзақ мерзімді және өзара тиімді негізде іскерлік серіктестік орнату мен дамытудың бастамасы болады. Бағыттардың бірі электрондық коммерция саласындағы әріптестік болады. Енді Forte экожүйесінің бір бөлігі болып табылатын ForteMarket маркетплейсінің клиенттері бүкіл Қазақстан бойынша өз тапсырыстарын «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесінде жеделдетілген режимде алуға мүмкіндік алады», – деді Гурам Андроникашвили.

Толығырақ Informburo.kz материалында

Поделиться
Класснуть