КЕАҚ «Нархоз университеті» президенті тағайындалды

КЕАҚ "Нархоз университеті" Директорлар кеңесінің шешімімен Президент – университет басқармасының төрағасы лауазымында Мирас Мұхтарұлы Дәуленов бекітілді.

Дәуленов Мирас Мұхтарұлы 1983 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін үздік бітірген. Содан кейін ол 2012 жылы Ph.D дәрежесін алып, Вроцлав университетінің (Польша) докторантурасында оқуын жалғастырды.

Әр жылдары Вроцлав университетінде (Польша) жұмыс істеді. М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, ғылым жөніндегі проректор, С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер Академиясының директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, провост қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бастап Мирас Дәуленов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды. Жоғары білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.

Халықаралық құқықтың Азиялық қоғамдастығы Атқарушы кеңесінің, ТМД Жоғарғы Соты, Конституциялық Кеңесі және экономикалық соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі.

Дәуленов 2021 жылдың 01 маусымынан бастап КЕАҚ "Нархоз университеті" президент міндетін атқаруға кіріседі.

Поделиться
Класснуть