Анастасия Новикова informburo.kz интернет-порталының және 31-арнадағы «Информбюро» бағдарламасының біріккен редакциясын басқарды

Анастасия Новикова informburo.kz интернет-порталының және 31-арнадағы «Информбюро» бағдарламасының біріккен редакциясын басқарды

Forbes.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Анастасия Новикова informburo.kz интернет-порталының және 31-арнадағы «Информбюро» бағдарламасының біріккен редакциясын басқарды. Бұған дейін редакцияны 2021 жылдың қаңтарында мезгілсіз қайтыс болған танымал журналист Михаил Дорофеев басқарған.

Анастасия Новикованың Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында 24 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Анастасия өзінің журналистикадағы кәсіби жолын әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті ретінде бастады. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Анастасия Forbes.kz сайтының бас редакторы, Forbes Uzbekistan компаниясының атқарушы директоры болды.

Әр жылдары шолушы («Дәуір» апталығы), шеф-редактор («Позиция.kz» ақпараттық-талдау сайты), мултимедиялық жобалардың редакторы («Республика» ақпараттық-талдау порталы, «Республика» газеті) қызметтерін атқарды. «Авторадиода» музыкалық және ойын-сауық бағдарламаларының жүргізушісі болды, КТК және «Оңтүстік астана» телеарнасында тілші, жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі болып жұмыс істеді.

«Информбюро» - 31-арнада телевизиялық жаңалықтар бағдарламаларының арасында екінші орында. Informburo.kz ақпараттық-талдау порталы Қазақстанның ең танымал интернет-басылымдарының үштігіне кіреді.

Поделиться
Класснуть