Кристоф Шляйссинг The Ritz Carlton, Astana бас директоры қызметіне тағайындалды

The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің бас директоры лауазымына Кристоф Шляйссинг тағайындалғаны туралы жарияланды. Бұған дейін Кристоф Rixos Borovoe қонақ үйінде ұқсас лауазымды атқарған.

Кристоф Шляйссингтің қонақжайлылық саласында тәжірибесі зор. Өзінің мансабын өзен круиздерін ұйымдастыру бойынша туроператормен жұмыстан бастаған. 30 жылдан астам уақыт бойы Кристоф бүкіл әлем бойынша саяхаттап, F&B бөлімінен бастап, бизнесті дамыту, сату және маркетинг бөлімдерінде мансабын жалғастырып, қонақ үй бизнесінің абсолютті сарапшысына айналды.

Кристоф Hilton Luxembourg, Мысырдағы Hilton Luxor Resort & Spa қонақ үйлерін және Омандағы Millennium Resort Mussanah курортын сәтті басқарды. 2018 жылдан бастап ол Қазақстандағы Rixos Borovoe қонақ үйін - ауданы 100 000 шаршы метр сәнді курортты басқарды, онда соңғы 3,5 жылда көрсеткіштердің 450%-ға керемет өсуіне қол жеткізді. Кристоф Шляйссинг Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші қонақ үй басқарушыларының қатарына кіреді, сондай-ақ өңір мен елге саяхатшылардың назарын аудару бойынша қажырлы күш-жігерімен танымал.

Басқару қағидаттарына деген адалдығы жоғары өнімділігі арқылы көрінеді және оның басқаруы кезеңінде қонақүйлер алған көптеген марапаттармен, соның ішінде «EMEA 2015 жылдың бас менеджері» номинациясында екінші орын иеленуімен расталады.

«Мен таңғажайып The Ritz-Carlton, Astana командасына қосылғаныма және осы салтанатты желінің аты аңызға айналған сервисіне қатысты болатыныма өте қуаныштымын. Мен қонақ үйдің қонақжайлылыққа деген көзқарасын бөлісемін және әр қонақ пен оқиғаға назар аудара отырып, оны күн сайын жетілдіруге дайынмын», - деп бөлісті Кристоф.

The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйі туралы

Қонақ үй Нұр-Сұлтан қаласындағы The Ritz-Carlton, The Ritz-Carlton Residences қонақ үйін, А сыныпты элиталық бизнес-орталық пен сауда галереясын байланыстырған алғашқы Talan Towers көп функционалды кешенінде орналасқан. Жоба инвесторы «Verny Capital» компаниялар тобы – Қазақстанда тікелей инвестициялар саласындағы ең ірі компаниялардың бірі, оның қоржынына сондай-ақ The Ritz-Carlton, Moscow және The Ritz-Carlton, Vienna қонақ үйлері кіреді. Жоба LEED халықаралық жүйесінің жасыл құрылыс стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйі Нұр-Сұлтанның танымал символы – Бәйтерек монументін қоршаған кеңістікке тамаша үйлеседі.

Поделиться
Класснуть