Елдар Әбдіразақов: Мемлекетке қожайын бейнесінен бас тарту қажет

Елдар Әбдіразақов, Директорлар кеңесінің Төрағасы - ForteBank тәуелсіз директоры:

– Менің ойымша, біз 2000-шы жылдардың басында қаланған әлемдік жолымызды, әлемдік экономикадағы орнымызды, даму перспективаларымызды қайта бағалау жүріп жатыр. Одан бері көп уақыт өтті, көптеген оқиғалар болды. Жағдай біз күткендей болмайтынын түсінеміз. Біз мүлдем басқа Қазақстанның табалдырығында, мүлдем жаңа шындық қарсаңында тұрмыз.

Бұл қайта ойлау, біріншіден, ішкі факторлардың қысымымен жүреді. Біз «сәтті» мемлекеттік бағдарламаларға қарамастан, қоғамда қазіргі жағдайға үлкен наразылықтың болуы туралы сигнал алдық. Неліктен, не болып жатыр? Экономика дұрыс жұмыс істемейді ме? Мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істемейді ме? Мүмкін, адамдар дұрыс емес шығар? Жалпы, үлкен сұрақ: мүмкін, ел бұрыс жерде шығар? Бүгінде бізде барлығына сұрақ туындайды.

Екіншіден, бізге өте үлкен сыртқы фактор әсер етеді. Геосаяси сипаттағы тәуекелдер күрт өсті. Сол сыртқы экономикалық альянс, онымен бірге бізде болған жағдай жақын арада түбегейлі өзгереді. Бұл өзгерістер жаһандық инфляция аясында жүріп жатыр. Қазірдің өзінде азық-түлік, киім, жылжымайтын мүлік бағасының күрт өсуі байқалады. Бір заттың өсіп келе жатқан бағасы екінші зат бағасының өсуіне әсер етеді және бұл проблемалар жентек қар сияқты жинақталуда. Олар геосаясатта, макросаясатта, индустриялық саясатта, азамат пен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынаста бар. Ең қиын нәрсе - оларды түсіну және орын-орнына қою, біз сонда ғана бұл проблемалардың шешімін таба аламыз.

Толығырақ - informburo.kz материалында

Поделиться
Класснуть