Нархоз университеті жаңа кампусты таныстырды

Алматыда Жандосов көшесіндегі университеттің бас кампусын қайта құру Нархоздың стратегиялық даму жоспары шеңберінде жүргізілді. 2025 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес білім ахуалын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау – университетті түрлендірудің маңызды кезеңдерінің бірі. Жаңа кампус заманауи зертханалармен, тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханамен, сондай-ақ техникалық базасы және эргономикалық, жайлы оқу жиһазы бар аудиториялармен жабдықталған. Кеңістік дарынды жастарды тарту орталығына айналуы тиіс, өйткені мұнда оқу мен шығармашылық үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

«Университетті трансформациялау бойынша біз 2007 жылдан бері жүйелі жұмыс істеп келеміз, жаңа кампустың ашылуы осы процестегі кезекті кезең болды. Академиялық бөлімдегі сапалы өзгерістерден, білім беру бағдарламасын жаңартудан және университетті басқару процесін қайта жүктеуден басқа, біз студенттер үшін ыңғайлы оқу корпусын құру бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Жасампаз сәулет шешімдерінің арқасында біз сұр, ескірген ғимаратты табиғи жарыққа толы заманауи кеңістікке айналдыра алдық. Кампусты қайта құру біздің университет жұмысындағы түбегейлі тәсілімізді көрсетеді – Нархоз коммерциялық емес ұйым болып қала береді, оның қызметінен түскен барлық бос қаражат дамуға жұмсалады», - деп атап өтті «Верный капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов.  

Жалпы ауданы 30 мың шаршы метр құрайтын университеттің бас оқу ғимаратын қайта құру рекордтық 11 айда аяқталды. Оның басты ерекшелігі – тұрақты дамуға бағдарлану: құрылыс кезінде заманауи экологиялық технологиялар, материалдар мен жабдықтар пайдаланылды, ғимараттың бүкіл аумағында 30 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Құрылыста алдыңғы қатарлы «жасыл» шешімдерді қолдану кампустың барлық аумағында зиянды заттар шығарындыларын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді, ал энергия үнемдейтін жарықтандыру аспаптарын енгізудің арқасында энергияны үнемдеу жыл сайын шамамен 120 мың киловольтты құрайды. Жаңа кампуста барлығы 26-дан астам IT-зертхана, 112 дәрісхана және open space форматында 115 жұмыс аймағы бар. Студенттер мен оқытушылардың ыңғайлылығы үшін оқу корпусының аумағында тәулік бойы және демалыссыз заманауи кітапхана жұмыс істейді, ал шетелдік студенттер үшін welcome center жеке кеңсесі қарастырылған.


Нархоз университетінің тарихы бай, ол 1963 жылдан басталады. Өзінің қызмет еткен жылдары университет жоғары білікті кадрлар ұстаханасы мәртебесін алды. Алты онжылдық ішінде оның түлектері елдің саяси және бизнес элитасына кірді.

«Жақында ғана Нархоз университеті Times Higher Education Impact Ranking әлем университеттерінің беделді әлемдік рейтингінің тізіміне енді және Қазақстанда ғылыми білімді дамыту бойынша көшбасшылардың бірі мәртебесін растады. Біз бар жақсылықты сақтай және арттыра отырып, университетті жаңғырта алдық. Басты кампусты қайта құру мәселесінде де осы философияны ұстандық: біз діни мозаиканы сақтап, ғимараттың кіреберіс тобының бастапқы келбетін қайтара алдық, осы арқылы сол уақыт пен оқу орнының мұрасына құрмет көрсете алдық», - деп атап өтті Narxoz университетінің президенті Мирас Дәуленов.

Естеріңізге сала кетейік, Нархоз - Алматы қаласында орналасқан экономика, құқық, бизнес, маркетинг, қаржы, қонақ үй бизнесі, туризм, мемлекеттік басқару және цифрлық технологиялар саласында оқытуды жүзеге асыратын қазақстандық университет. Бүгінгі таңда университет құрамына Қазақстандағы Тұрақты даму зерттеулерінің институтын қоса алғанда, 5 мектеп және 4 ғылыми орталық кіреді. Нархоз European Network for Academic Integrity (ENAI) мүшесі болып табылады, халықаралық аккредитацияларға ие және The Times Higher Education Impact Ranking рейтингіне сәйкес әлемнің үздік 800 университетінің қатарына кіреді, ал оның білім беру бағдарламалары халықаралық сертификациялармен (ACCA, CIMA) танылған.

Поделиться
Класснуть